Ресурстарын



Pdf көрінісі
бет30/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142
 
 
 
 
 
 
4.1.  Басқаруда ұлттық ерекшеліктерге  
көзқарастардың дамуы 
  
кономика  XΧΙ  ғасырда  бірыңғайлы  өзара  байла-
нысты  жүйеге  айналуда,  бұл  үдеріс  жаһандану  деп 
аталуда.  Кейбір  зерттеушілердің  пікірі  бойынша, 
дүниежүзілік  жалпы  өнімнің 40%-ға  жуығын  бірлескен 
кəсіпорындар өндіреді. 
Экономикалық  қызметтің  жаһандануы  үш  негізгі  бағытпен 
дамып жатыр: 
-  тауар,  қызмет  көрсету,  технология,  интеллектуалдық 
меншік пен халықаралық сауда жасау; 
-  өндіріс  факторларының  (капитал  мен  жұмыс  күші) 
халықаралық алмасуы; 
-  халықаралық  қаржы  операциялары  (несие,  негізгі  құнды 
қағаздар), басқа қаржы құралдары. 
Жаһандану  үдерісінің  ықпалымен  корпоративтік  ұйымдар-
дың  жаңа  типтері  пайда  бола  бастайды,  бұл  компаниялар  бəсе-
келесте жеңу үшін жəне ұзақ уақыт бойы жоғарғы бəсекелестік 
қабілетін сақтау үшін екі əдісті қолдануда: 
-  əлем  рыногын  бір  тұтастай  қарап,  компания  оған  қызмет 
ету үшін өз қызметінің əр түрін əр елде орналастыру; 
-  бүкіл  əлемде  бытыраңқы  орналасқан  өз  филиалдарының 
қызметін үйлестіру. 
Жаһандануға  байланысты  өзгерістер  тек  ірі  компанияларға 
қатысты  емес,  олар  орта  жəне  шағын  компанияларға  да  тəн. 
Э 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
59
 
 
Қазіргі  экономика  дамуының  бір  нышаны – ол  қызмет  көрсету 
саласының  өсуі,  ал  бұл  салада  шағын  компаниялар  мен  жеке 
кəсіпкерлер  кең  таралған.  Рынокта  қалу  үшін  қызмет  көрсету 
деңгейі  қай  жерде  болсын  əрдайым  өте  жоғары  болу  керек. 
Демек,  бұл  салада  жұмыс  іздейтін  қызметкерлерге  қосымша 
талап  қойылады.  АРБ  мəселелерінің  халықаралық  аспектілерін 
қарастырарда,  зерттеудің  екі  шешуші  объектісіне  тоқталуға 
болады:  көпұлттық  ірі  компанияларда  АРБ  жəне  əр  елдегі  АРБ 
ерекшеліктері.  Тиімді  менеджер  болу  үшін  жаһандану  мəнін 
жете  түсіну  керек,  қазіргі  заманда  халықаралық  компанияларға 
іскерлік  мəдениеттер  мен  мамандарды  даярлау  күрделі 
шиеленісте болып жатыр. Компаниялар əр мəдениеттің өкілдері 
–  қызметкерлердің  көзқарастарын,  құндылықтарын,  күтулерін, 
ұғыну мен мінез-құлқын ескеру арқылы қызметкерлерді басқару 
жүйесін  тиімді  жасай  алды.  Сонда  ғана  олар  əлем  рыногында 
табысқа жете алады. 
Жаһандану  əр  түрлі  мəдениеттер  арасындағы  айырмашы-
лықтарды  жояды  деген  ой  ақталмады,  сондықтан  менеджерлер 
этикалық  пен  діни  ерекшеліктерді,  отбасы  құндылықтарын, 
тілін, мəдениетін терең түсіну керек. 
Жаһандану  үдерісінің  жəне  əлем  экономикасының  ашық 
болуының  жақсы  жағынан  басқа  теріс  салдары  бар,  бірақ 
жаһандану объективті заманауи құбылыс, оны əртүрлі экономи-
калық саясатпен тежеуге болғанмен тоқтату мүмкін емес. 
Сонымен кадр шешімдерін қабылдауға елдің ұлттық мəдениеті 
елеулі  ықпал  жасайды.  Бұл  жерде  ұлттық  мəдениет – ол  басқа 
елдермен салыстырғанда осы елге тəн негізгі рухани жəне мəдени 
құндылықтары  мен  адамдардың  мінез-құлық  ерекшеліктері;  олар 
осы елдің бірегейлігін жəне өзгешелігін құрайды. 
Жақын  арада  болған  тарихқа  көз  жүгіртсек,  ΧΧ  ғасырдың 
50-60  жылдарында  конвергенция  теориясының  кең  таралғаны 
мəлім.  Оның  негізінде  əр  елдің  басқару  жүйелері  бір-біріне 
жақындайды,  ұлттық  мəдениетінің  ерекшеліктері  жоғалады, 
əмбебаптық  тəн болады  деген ой жатқан. Мысалы, осы теория-
ның ықпалымен 1971 ж. бұрынғы Кеңес Одағында жаңа бірлік – 
совет  халқы  қалыптасты  деп  жариялаған.  Бірақ  жиырма  жыл 
өткеннен кейін ол өмір сынынан өте алмағаны белгілі.  


Адам ресурстарын басқару 
 
60
 
 
ΧΧ  ғасырдың 70-жылдарының  өзінде  бұл  мəселе  бойынша 
өмірге  жақын  көзқарас  пайда  болады:  бір  жағынан,  елдер  ара-
сында  белгілі  жақындасу  болды,  оны  ұйым  даму  стратегиясы, 
өндіріс  технологиясы,  инновациялық  үдерістер  дамуынан  көруге 
болады.  Екінші  жағынан,  əр  елдің  мəдениеттік  құндылықтары 
жəне  оған  тəн  басқару  жүйесіндегі  ерекшеліктері  тұрақты 
сақталынады. 
 
4.7-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет