Ресурстарын


  Қызметкерлерге  қажеттілікті  жоспарлауда  шетел



Pdf көрінісі
бет46/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   142
5.1.3.  Қызметкерлерге  қажеттілікті  жоспарлауда  шетел 
тəжірибесі 
Ең  алдымен  кəсіпорынның  ұйымдастырушылық  жоспары 
құрылады,  бұл  жоспарда  ұйымның  қызметі  біртекті  жұмыс 
топтарына бөлінеді, оларды бөлек жұмысшылар топтары атқаруға 
тиіс.  Ал  осы  мамандандырылған  жұмыстар  топтарын  орындау 
үшін қанша қызметкерлер қажет екенін есептеу əдістер көмегімен 
шешіледі. Қызметкерлер санын есептеу үшін жұмысты орындауға 
қажет  уақытты  жəне  бір  қызметкердің  жұмыс  уақыт  қорын 
анықтау керек. 
Жұмысты  орындауға  қажет  уақытты  əртүрлі  əдістермен 
анықтайды: оның ішінде өзін бейнелеу, мезгілдік бақылау əдісі, 
мөлшерлеу əдісі жəне т.б. 
Қызметкерлерді жоспарлау барысын келесі бірінен кейін бірі 
болатын қадамдар арқылы көрсетуге болады: 
1: ұйымның қызметін біртекті жұмыс топтарына бөлу; 
2: қызмет түрлерін бір ізді жасап көрсету;  
3: олардың атқаруын стандарттық үдерістер ретінде көрсету; 
4: жұмыстар көлемін анықтау; 
5: жұмыстарды қызметкерлер бойынша бөлу; 
6: бір қызметкердің уақыт бюджетін анықтау; 
7: əр қызмет түріне уақыт нормасын есептеу; 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
95
 
 
8: қызметтің əр түрін орындауға қажетті уақытты анықтау; 
9: қызметкерлерге қажеттілікті анықтау (алдағы көрсеткішті 
бір қызметкердің уақыт бюджетіне бөлу арқылы). 
Осы  ақпарат  негізінде  ұйымдастырушылық  жоспарындағы  əр 
тапсырма  пакетімен  қамтылған  лауазым  (жұмыс  орындар)  саны 
шығарылады.  Ұлғайтылған  ұйымдастырушылық  жоспар  жұмыс 
орындар (лауазымдар) жоспарын құрайды. Қызметкерлерге жалпы 
қажеттілік сан жағынан барлық жұмыс орындарының қосындысы 
болып  шығады.  Ұйымдастырушылық  жоспарлар  (құрылымдар) 
негізінде  қызметкерлерге  қажеттілікті  жоспарлаудың  артықшы-
лығы оларды біліктілігіне сəйкес дəл бөліп анықтауда жатыр. 
Қызметкерлердің  құрамын  жоспарлау.  Қызметкерлердің 
құрамын жоспарлау болашақ жоспар мерзіміне қажетті қызмет-
керлердің  құрамын  орнатады.  Бұл  жерде  таза  сандық  көзқарас 
біліктілікті  талдаумен  толтырылу  керек.  Қызметкерлердің 
құрамын  санмен  өлшеп  жоспарлау  жүйелі  түрінде  «Марков 
қатары» (Маrkov-Ketten)  əдісі  арқылы  көрсетуге  болады (5.11-
кестені қараңыз). 
 
5.11-кесте  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет