Ресурстарын



Pdf көрінісі
бет83/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   142
Бақылау сұрақтары 
1.  Ұйымның  өтемақылық  саясатын  қалыптастыру  негізін  құрайтын 
ынталандыру (мотивация) теорияларын атаңыз. 
2.  Ұйымның қандай өтемақылық стратегиялары сізге белгілі? 
3.  Жалақыға шолу жасарда оның құрамын қалай құруға болады? 
4.  Жалақы туралы мəліметті «құпия» санатына қосқанды дұрыс деп есеп-
тейсіз бе? 
5.  Еңбекақы төлеу формалары мен жүйелерін атаңыз. 
6.  Кəсіпорын  ішінде  істейтін  қызметкерлердің  жалақылары  арасындағы 
қатынастарды орнатуда қай факторларды ескеру керек? 
7.  «Білім үшін төлеу» жүйесінің мəнін ашыңыз. 
 
Тапсырмалар 
1.  Нақты қазақстандық кəсіпорын мен ұйымдағы еңбекақы төлеу тəжіри-
бесін талдаңыз. 


Адам ресурстарын басқару 
 
 
2.  Нақты  қазақстандық  кəсіпорнында  қолданатын  еңбекақы  төлеу  формасы 
мен жүйелерін келтіріңіз. 
3.  Ұйым ішіндегі өтемақылық саясаттың кемшіліктерінен туатын диспро-
порцияларды айқындаңыз. 
4.  Есеп.  Кесімді  жалақы  алатын IV-ші  разрядты  жұмысшы  (сағаттық  та-
рифтік  ставкасы 226 теңге) 8 сағаттық  ауысымда 35 бұйым  жасап  шығарды, 
бір бұйымға орнатылған уақыт нормасы – 15 мин. Жұмыс күрделілігі – V-ші 
разряд (240 теңге).  Норманың  орындалу  пайызын,  кесімді  жалақыны  жəне 
кесімді жалақының ішіндегі тарифтің үлес салмағын есептеңіз. 
5.  Есеп.  Бір  айдың  ішінде V-ші  разрядты  жұмысшы 600 бұйым  дайындады 
(бір бұйымға орнатылған уақыт нормасы – 0,47 адам-сағат, жұмыс күрделілігі – V-
ші  разряд).  Жоспарды  учаске 103% орындады,  сыйақы 10% өлшемінде  жоспар 
орындалғаны  үшін  жəне  өндіру  нормасын  орындалу  шарты  жағдайында 2% 
өлшемінде жоспардың артық орындалуының əр пайызына төленеді. 
6.  Есеп. Жұмысшының еңбекақысы кесімдік-прогрессивтік жүйесімен тө-
ленеді.  Прогрессивтік  қосымша  төлемдер  өндіру  нормасы 108% орындалған-
нан басталады: егер өнім өндіру осы межеден асса, əр бұйымға тиісті жалақы 
мөлшері (сдельная расценка) екі есе өседі. Сағаттық тарифтік ставкасы – 226 
теңге, бір айда 22 жұмыс күні, ауысу ұзақтығы – 8,2 сағат, орындалған жұмыс 
көлемі 209,3 норма-сағат. Жұмысшының еңбекақысын есептеңіз. 
7.  Есеп.  Кезекші  слесарьдің  еңбек  ақысы  кесімдік-жанама  жүйесімен 
төленеді. Ол əрқайсысының нормативтік өнімділігі 24 т төрт агрегатқа норма 
бойынша  қызмет  жасайды.  Ауысу  ұзақтығы – 8 сағат,  слесарьдің  сағаттық 
тарифтік ставкасы – 226 теңге. Слесарьдің əр бұйымға тиісті жалақы мөлшерін 
(сдельная расценкасын) анықтаңыз. 
8.  Есеп.  Жұмысшының  еңбекақысы  мерзімдік  жүйесімен  төленеді  (ай-
лығы 40000 теңге). График бойынша 8 сағаттық 22 күн орнына ол 8 сағаттық 
19  күн  жұмыс  істеді.  Жоспар  орындалғаны  үшін  оған  жалақысының 10% 
өлшемінде сыйақы төленді. Жұмысшының еңбекақысын есептеңіз. 
9.  Есеп.  Қызметкерлерді  басқару  менеджерінің  еңбекақысы  айына 150 мың 
теңге.  Бір  ай  ішінде  график  бойынша 22 жұмыс  күні  бар,  ол 20 күн  жұмыс 
істеді, 2 күн қызмет сапарында болды (өткен айдағы орташа күндік жалақысы 
7812,50  теңгені  құрады).  Бұл айда  сыйақы  төлеу  шарттары  түгел  орындалды, 
барлық  басшылық  жасайтын  қызметкерлерге  сыйақы  олардың  лауазымдық 
айлығының 30% өлшемінде  төленеді.  Менеджердің  осы  айдағы  еңбекақысын 
есептеңіз. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет