Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет138/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

13.3 Модификацияланған сҥрек 
 
Модификацияланған сүрек деп физикалық немесе химиялық әдістері мен 
қасиеттері мақсатты ӛзгертілген тұтас сүректі айтады. МемСТ 23944 – 80 және 
МемСТ 24329 -80 сәйкес модификациялаудың бес негізгі түрін және ӛнімнің 
сәйкес түрлерін ажыратады.
Термомеханикалық модификацияланған сүректі пресстелген сүрек деп те 
атайды (ДП). Алдын ала буландырылған немесе қыздырылған сүректі пресстеу 
кезінде әдетте талшық бойымен жазықтығында сүректік макроқұрылымында 
ӛзгерістер жүреді, тығыздық артады және сонымен байланысқан қасиеттердің 
кӛрсеткіштері жақсарады. Воронеж орман техникалық институты (қазіргі 
ВГЛТА) және басқа да ұйымдармен жүргізілген термомеханикалық 
модификация бойынша жұмыстар тығыздалған сүректі алудың әртүрлі 
технологиялық үрдістерін және тәсілдерін жобалауға мүмкіндік берді.
Пресстелген сүректі жұмсақ далпақ жапырақты ағаш сүректерін пайдалану 
арқылы жасау тиімді, алайда бірқатар жағдайларда қылқан және тіпті қатты 
жалпақ жапырақты ағаш сүректерін де пайдаланып жасауға болады. ДП 
дайындауға пайдаланылатын шикізатқа қойылатын талаптар МемСТ 23551 – 79 
сәйкес регламенттелген. Пресстелген сүректен жасалған бӛренелік және тақтай 
типті, сонымен қатар, цилиндр, тӛлке және т.б. дайындамалардың физика-
механикалық қасиеттерінің кӛрсеткіштері, маркасы мен ӛлшемдері МЕМСТ 
24 588 – 81 және МЕМСТ 9629 – 81 бекітілген. Дп тығыздығы 800...1350 кг/м
3
.
Пресстелген сүрек табиғиға қараған бірнеше есе жоғары беріктікке, 
қаттылыққа және соққы тұтқырлығына ие, антифрикционды қасиеттері 


224 
жеткілікті түрде жақсы және қола, баббит және басқа да металдардың орнына 
мойынтіректерді жасау үшін қолданылуы мүмкін. Пресстелген сүрек дірілді 
жақсы тойтарады, абразивті бӛлшектерді дұту қабілеті бар, бұл біліктердің 
зақымдалуының алдын алады. Пресстеу барысында сүрек ісінеді, және 
тоқтатылған деформациялар қайта оралады. Алайда кейбір жағдайларда ДП 
ісінуі мен пресстен алынуы пайдалы болуы мүмкін, мысалы гидравликалық 
машинаның тығыздағыш құралдарыныда. Пресстелген сүрек тірек каток-
тарының тӛлкелерін, тегершікті, паркет дайындауда және т.б. мақсаттарда 
пайдаланылады. Сонымен қатар, пресстелген сүректі оны майлармен, 
металдармен, полимерлермен қосымша модификациялауға болады, бұл негізі-
нен оның қасиеттерін антифрикционды материал ретін жақсартады. 
Химика-механикалық модификация кезінде сүректі алдын-ала (немесе бір 
мезгілде) аммиакпен, несепнәрмен немесе басқа заттармен ӛңдейді, кейін 
тығыздайды. АН Латвия сүрек химиясы институтымен лигманонды алу 
технологиясы жобаланған, лигманон – аммиакпен ӛңделген, пресстелген және 
кептірілген сүректен жасалған материал. Алдын-ала химиялық ӛңдеу торлы 
қабаттардың құрылымының ӛзгеруіне алып келеді, сүрек пластификация-
ланады, оған жаңа пішінді беру оңай. Аммиакпен пластификацияланған сүрек 
суды жұтады, ісінеді және пресстен алынады. Жоғары температураның 
әсерімен бұл кемшіліктерді жоюға болады. Лигнамнан жасалған дайындама-
лардың физика-химиялық қасиеттерінің кӛрсеткіштері МемСТ 9629 – 81 
кӛрсетілген.
Аммиакпен пластификацияланған пресстелген тұтас сүректен жиһаз, 
паркет, музыкалық аспап бӛлшектерін жасайды. Несепнәрмен пластифика-
цияланған пресстелген сүректің (дестам) еден жабындылары үшін қолданады. 
Термомеханикалық модификацияланған сүрек – бұл мономерлермен, 
олигомерлермен 
немесе 
шайырмен 
қанықтырылған 
сүректен 
оны 
қанықтырғыш құрамның полимеризация немесе поликонденсациядан ажырату 
үшін келесі ретті термоӛңдеуден ӛткізіп алынатын материал.
Кейбір жағдайларда модификатордың сүректің полимер компонентеріне 
химиялық ұласуы байқалады. Сүректі кӛбіне фенолформальдегид шайырымен, 
мысалы фенолспирттің сулы ерітіндісі түрінде, фран типті шайырлармен, 
полиэфирлі шайырмен және т.б. қанықтандырады. Термомеханикалық 
модификация бойынша жұмыстар БелТИ-да, құрылыс конструкцияларының 
Орталық ғылыми-зерттеу институтында (ЦНИИСК) және басқа да ұйымдарда 
жүргізілген. 
Сүректі синтетикалық шайырлармен модификациялау оның гигро-
скопиялығын, су жұту және су ӛткізгіштік қабілетін тӛмендетеді, ісінуді 
азайтады, беріктігі, қаттылығы мен тұрақтылығын жоғарылатады, алайда 
кӛбінесе соққы тұтқырлығы тӛмендейді. Материалдың сынғыштығының 
артуына ықпал жасамайтын қажетті қасиеттердің жоғарылауын алуға мүмкіндік 
беретін шайырдың рецептурасы жобаланған; қиын жанатын және биологиялық 
тұрақты материалдар жасалған. Термомеханикалық әдіспен модификация-


225 
ланған сүректерді құрылыс конструкцияларында, жиһаз, шаңғы ӛндірісінде 
қолданады. 
Сүректі радиционды-механикалық әдіспен модификациялау кезінде 
сүрекке енгізілген заттардың полимеризациясы иондық зәулелену әсерінен 
жүреді. Сүректі метилметакрилмен, стиролитпен, сонымен қатар, оларды 
қоспасымен қанықтандырады. В.Л. Карпов атындағы физика-химиялық 
институттың филиалымен жасалған жұмыстар модификацияның мұндай 
түрісүректің пішінге тұрақтылығын, механикалық және эксплуатациялық 
қаситтерін жақсартатындығын кӛрсетті. Модификацияланған сүрек паркет, 
машина бӛлшектерін жасауда және басқа да мақсаттарда қолданылады. 
Химиялық модификация кезінде сүректі оның жіңішке құрылымы мен 
химиялық құрамын ӛзгертетін аммиакпен, сілітілк андигридпен немесе басқа да 
заттармен ӛңдеуден ӛткізеді. Аммиакпен ӛңдеу сүректің икемділігін арттырады, 
оның әсерінен сүрек кептіру кезінде ӛздігінен тығыздалады, түсі ӛзгереді. 
Сілтілік андигридпен ӛңдеуді сүректі ацетиллеру мақсатында жүргізеді, яғни 
оның химиялық компоненттерінің құрамына ацетил топтарын енгізу. 
Ацетилденген сүректе механикалық қасиеттері аздап ӛзгереді, бірақ су және 
ылғал жұту, ісіну және кебу қасиеттері айтарлықтай тӛмендейді. Ацетилденген 
сүректі пішінге тұрақтылығы жоғары бұйымдарда пайдаланған тиімді. 
Ацетилденген сүрек саласындағы жұмыстар Латвия ауыл шаруашылығы 
академиясында жүргізілген. 
Модификациялаудың барлық қарасытырылған әдістерінен ӛтетін сүректің 
қасиеттері туралы толығырақ мәлімет [18, 22] әдебиеттерінде және т.б. 
баспаларда баяндалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет