Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет137/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Фибролит. Бұл сүректік жоңқа, портландцемент және химиялық қоспа-
лардың қосындысынан жасалған құрылыс материалы. Фибролит үшін кӛбінесе 
қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының сүрегінен қалыңдығы 0,25-тен 
0,5мм-ге, ені 2-ден 6мм-ге дейінгі жоңқалар дайындалады. Жоңқаны 
байланыстырушы қоспалармен біріктіреді (хлорлы калциймен, сұйық шынымен 
және т.б.), одан кейін қоспаны пішіндеп пресстейді. Бұған дейін жұмыс істеп 
тұрған МемСТ 8928 – 81 сәйкес фибролитті плиталарды үш түрлі маркамен 
шығарған: Ф-300 – жылу оқшауланған; Ф-400 – жылу оқшауланған –
конструкторлық және дыбыс оқшауланған; Ф-500 – конструкторлық-жылу 
оқшауланған және дыбыс оқшауланған (маркадағы сандар плитаның 
тығыздығын білдіреді, кг/м
3
). Плиталарды 2400 және 3000 мм ұзындықта, 600 
және 1200 мм енде, 30-дан 150 мм-ге дейінгі қалыңдықта дайындайды. 
Рлиталардың майыстыру кезіндегі беріктік шегі 0,35...1,3МПа құрайды. 
Стандартта серпімділік модулі, жылу оқшаулағыштық, су және дыбыс жұту 
үшін нормалар кӛрсетілген. Фибролитті плиталар оңай ӛңделеді, био және 
ӛртке тұрақты, шегені ұстап тұрады және басқа да бірқатар артықшы-лықтарға 
ие. Олар каркаты үйлердің құрылысында пайдаланылады. 
Цемент-жоңқалы плиталар (ЦСП). Бұл сүректік бӛлшектерді (ДСтП 
сияқты) портландцементпен және химиялық қоспалармен пресстеу арқылы 


223 
дайындалатын салыстырмалы түрде жаңа материал. Плиталар ағаш үйлердің 
қоршау конструкциялары, еден элементері және басқа да құрылыс бӛлшектері 
үшін қолдануға тағайындалған. 
МемСТ 26816 – 86 сәйкес плиталарды физика-механикалық кӛрсеткіш-
терінің деңгейіне байланысты екі түрлі маркада шығарады: ЦСП-1 және ЦСП-2. 
Плиталардың қалыңдығы 8...40 мм, ұзындығы 3200 және 3600 мм, ені 1200 
және 1250 мм. Плиталардың тығыздығы 1100-ден 1400 кг/м
3
-ке дейін, 
майыстыру кезіндегі беріктік шегі ЦСП-1 үшін 9...12МПа, ал ЦСП-2 үшін 
7...9МПа құрайды. Плита қалыңдығы жоғарылаған сайын оның беріктігі 
тӛмендейді. Сонымен қатар, басқа да физика-химиялық кӛрсеткіштер 
регламенттелген. Плиталарды шаршы метрмен ӛлшейді. Цементті-жоңқалы 
плиталар суға, аязға, био және ӛрткетұрақты, улы емес, жақсы ӛңделеді. 
Ксиолит. Бұл ағаш ұнтақтары немесе ағаш ұны мен магнезильді 
байланыстырушыдан тұратын құрылыс материалы. Еденді жабу, қабырғаларды 
қаптау үшін плита түрінде және басқа да мақсаттарда қолдануға арналған. 
Ксиолит – тозуға тӛзімді, жанбайды, суға тұрақты, жоғары беріктіктегі 
материал. 
Ұнтақталған сүректен жасалатын композициялық материалдардың басқа 
түрлері мен оларды дайындау технологиясы нұсқаулықта баяндалған [12]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет