85
150 зерттелген (ЛТА бойынша) ағаш түрлерінің сүректерінің ішінен
флуоресцензия ағаш тұқымдастарының басым кӛпшілігінде анықталды (90%).
Кӛбінесе сәулеленген сүрек күлгін (зерттелген ағаш түрлерінің 40%), кӛк
немесе кӛгілдір (ағаш түрлерінің 25%), түспен жарқырайды. Қою күлгін түспен
ағаш түрлерінің 15%; сары немесе жасыл-сары түспен жарқырауы сирек
байқалады (10%).
Б.К. Лакатоштың мәліметтері бойынша [27], айтарлықтай кең тараған
сүректердің флуоресценциясының колориметрикалық сипаттамалары келесі-
дей: таза спектр түсінің толқын ұзындығы
500...600нм; түстің жиілігі
Р =
3…32%; жарқырау коэффициенті
5...10 (3.1 б. Қараңыз). Түс пен жарқырау
интенсивтілігі тек ағаш тұқымдастығының түріне ғана тәуелді емес, сонымен
қатар, сүректің күйіне де байланысты болады (сүректің шіру деңгейі, оның
ылғалдылығы мен температурасы, беттің ӛңделу сапасы және т.б.). Мұның бәрі
люминесценцияны сүректің ақауларын анықтау құралы ретінде, ӛңдеу сапасын
бағалау және т.б. жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: