12 Сҥргіленген, жаңқаланған және шақпақталған ағаш материалдары,
уатылған сҥрек .................................................................................................... 209
12.1 Сүргіленген, жаңқаланған және шақпақталған
ағаш материалдары ............................................................................................... 209
12.2 Ұсақталған сүрек........................................................................................... 212
13 Композициялық сҥрек материалдары және модификацияланған
сҥрек....................................................................................................................... 214
13.1 Желімделген сүрек ........................................................................................ 214
13.2 Композициялық материалдар негізінде
үгітілген сүректегі ағаш ....................................................................................... 218
13.3 Модификацияланған сүрек .......................................................................... 223
13.4 Композициялық сүректік материалдар
мен модификацияланған сүректі сынау әдістері ............................................... 225
14 Тҧтынушылық тауарлар .............................................................................. 229
14.1 Шаруашылық тағайындалудағы бұйымдар, материалдар
және ӛнімдер.......................................................................................................... 229
14.2 Тұрмыстық мәдени тағайындалудағы бұйымдар ...................................... 236
Әдебиеттер тізімі ................................................................................................. 238
5
КІРІСПЕ
Ағаш – негізгі орман ӛнімдерінің бірі. Ормандар ӛнеркәсіптік ғана емес,
сонымен қатар, маңызды экологиялық мәнге ие. Олар шамамен адам демалатын
оттегінің жартысын ӛндіреді, кӛміртегіні сақтайды және сіңіреді, кӛмірқышқыл
газын қалыптастырады. Бұл газ атмосферада үздіксіз артып келеді, парниктік
эффекті әсерінің артуынан орта жаһандық температураға қауіп тӛндіруде.
Орман су балансын, топырақ құнарлылығын, әр түрлі биологиялық түрлерінің
сақталуын қамтамасыз етеді. Ағаш ӛсімдіктері жер бетіндегі барлық тіршілік
иелеріне қажетті биомассаны құрады [11].
Ағашты халық шаруашылығының барлық саласы тұтынады. Ол берік және
жеңіл, жақсы жылу оқшаулағыш қасиетіне, соққы кезінде жұмысты бұзбай
жұту қабілетіне, тербелуді сӛндіруге ие. Ағаш механикалық ӛңдеуге, желім-
деуге оңай кӛнеді, металдық және тағы басқа бекітулерді ұстайды, бірегей
резонанстық қабілетке ие. Ол құрылыс бӛлшектері мен конструкциялар
ӛндірісінде, үй, жиһаз, музыкалық аспаптар, жәшік және спорт жабдығы, шпал
ретінде, тау-кен ӛнеркәсібі және кӛмір үшін бекітпе ретінде, сондай-ақ кӛптеген
мақсаттарда пайдаланылады.
Бірақ, таза механикалық жолмен алынған ағаш материалдардың кемшілік-
тері бар: қасиеттердің күшті құбылмалдылығы, құрылысының әртектілігі,
анизотропиялы, кемістіктері, кеуіп кету қабілеттілігі, ісінуі, дӛңестенуі мен
жарықшақтануы, шіруі және тұтануы. Атап ӛтілген кемшіліктер белгілі бір
мӛлшерде ағаштың беттік және тақталы материалдарды химия, химия-
механикалық ӛңдеу кезінде: қағазды, картон, ағаш-жаңқалы және ағаш-
талшықты тақталарды, фанераны және т.б жойылады.
Ағашқа антисептиктер, антипирендар, шайыр, сондай-ақ пластификация
мен престеп енгізу, табиғи ағаштардың қасиетін жақсартуға, био- және отқа
тӛзімді беріктігі жоғары, тозуға тӛзімді және ӛлшемі тұрақты, антифрикциялық
материалдарды және басқада керекті технологиялық және эксплуатациялық
қасиеттерін алуға мүмкіндік береді.
Ағаш жоғары эстетикалық қасиеттерге ие. Бұл экологиялық адамға
«жағымды» материал. Ӛңделген ағаш биологиялық ӛңдеуге оңай кӛнеді және
қоршаған ортаны ластамайды.
Ағаш қалпына келетін, мүмкін қайта қолдануға болатын табиғи ресурсқа
жатады. Шектеулі отын қоры кезінде үлкен маңыздықты басқа конструкциялық
материалдарға қарағанда, энергия тұтынуы бірнеше есе тӛмен ағаш алады.
Ағаш сұйық және газ тәріздес отынды, органикалық синтез ӛнімдерін, ауыл
шаруашылығы үшін жем ӛнімдерін және алдағы тамақ ӛнімдерін ӛндіру үшін
қажет маңызды шикізат кӛзі болып табылады.
Ағаштың құрылымы және қасиеттері туралы мәліметтер жиынтығын
биологиялық, химиялық, физикалық және механикалық зерттеулер нәтижелері,
үздіксіз дамып келе жатқан ғылыми пән ағаштану қамтиды. Онда сондай-ақ
қабық, ағаштың желегі мен тамырлары туралы мәліметтер кӛрсетілген. Ағаш
материалдары мен ӛнімдерінің тұтынушылық сапасын орман тауартануында
қарастырады.
6
Ағаштанудың ғылыми пән ретінде тарихи пайда болуы мен отандық дамуы
[10] В.В. Петрова (1813 ж.), А.Е. Теплоухова (1842 ж.), А.В. Гадолина (1873ж.),
Д.Н. Кайгородова (1878 ж.), П.А. Афанасьева (1879 ж.), Н.М. Бурого (1900 ж.),
Н.А. Филлипова (1915 ж.), В.А. Петровского (1913 ж.), С.А. Боголовского (1915
ж.) және басқада ғалымдардың жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстарда
маңызды заңдылықтар ашылды және жекелеген ағаш тұқымдарының кейбір
қасиеттерінің кӛрсеткіштері анықталды, сондай-ақ олардың ӛсу жағдайына
әсері орнатылған.
1920 жылдары ағаш қасиеттерін зерттеуді Н.А. Филлипов, Н.Т. Кузнецов,
С.И. Ванин, Л.М. Перелыгин, Е.И. Савков, және т.б. жүргізді. Ағаштану
дамуындағы ең ірі жетістіктер 1930 жылдары қолжетімді болды. Ағаш
Институтында, кейіннен бӛлінген механикалық ағаш ӛңдеу Орталық ғылыми-
зерттеу институты (МАӚОҒЗИ), Бүкілодақтық авиациялық материалдар
институтында (БАМИ), ӛндірістік құрылыстар Орталық ғылыми-зерттеу
институтында (ӚҚОҒЗИ) және басқа да ғылыми ұйымдарда еліміздің әр түрлі
аудандарында қылқан тұқымды ағаштардың негізгі физика-механикалық
қасиеттеріне зерттеу жүргізілді. Осы саладағы елеулі жұмыстарды С.И. Ванин,
Е.И. Савков, А.Х. Певцов, Н.Н. Чулицкий, Ф.П. Белянкин, Н.Л. Леонтьев,
А.И. Кондратьев, Н.Н. Абрамов, А.А. Солнцев, Н.И. Стрекаловский және
басқалар жүргізді. Әсіресе үлкен еңбек ағаштың физика-механикалық сынақ
үшін бірінші стандартты әдістерін әзірлеген Л.М. Перелыгинге тиесілі.
Ағаштың тұқымдарын зерттеу, сондай-ақ стандартты құрумен аяқталды,
МАӚОҒЗИ-да (А.Т. Вакин, В.В. Миллер, Е.И. Мейер және т.б.) жүргізді.
Ағаштың қабығы мен құрылымын Л.А. Иванов, Л.М. Перелыгин, И.С. Мелехов
және т.б. зерттеді.
1940-1960-шы жылдары маңызды ағаштың физика-механикалық касиет-
терін Ю.М. Иванов, Ф.П. Белянкин, Н.Л. Леонтьев, А.Н. Митинский, П.Н.
Хухрянкий, П.С. Серговский, В.А. Баженов, В.Н. Быковский және т.б.; ағаштың
анатомиясын – А.А. Яценко-Хмелевский, В.Е. Вихров, В.Е. Москалева;
ағаштың сақталуын және тұқымдарын – А.Т. Вакин, С.Н. Горшин,
Ф.И. Коперин және т.б. жүргізді.
1970-1980-шы
жылдары
маңызды
жұмыстар
Красноярскідегі
В.Н. Сукачева атындағы Ағаш және орман институтында (АОИ) – ағаштың
жылу және ылғалды қасиеттері (Б.С. Чудинов), ағаштың сұйықтықтар мен
газдардың ӛткізгіштігі және тығыздығы (Л.Н. Исаев) бойынша; Орман
шаруашылығы академиясында (ОША) – ағаштың беріктігі және анизо-
тропияның серпімді қасиеттері (Е.К. Ашкенази), тығыздығы; ағаштың
тұқымдары, биологиялық негізбен және оны қорғау, ағаш шикізаты квали-
метриясы (О.И. Полубояринов, Д.В. Соколов, А.Л. Синькевич), отандық және
тропикалық тұқымды ағаштың анатомиясы (А.А. Яценко-Хмелевский, М.И.
Колосова) бойынша; МАӚОҒЗИ-да – ағаш және ара материалдарын сынау
әдістерін стандарттау (А.М. Боровиков және т.б.) бойынша; Сенеждегі ағашты
консервілеу зертханасында – ағаштың биотұрақтылығын анықтау (С.Н.
Горшин, И.А. Чернецов), саңырауқұлақтармен зардап шеккен ағаш анатомиясы
(И.Г. Крапивина) бойынша; Қағаз ғылыми-зеттеу орталық институтында
7
(ҚҒЗОИ) – ағаштың техникалық анатомиясы (В.Е. Москалева, З.Е. Брянцева,
Е.В. Гончарова) бойынша; Тау орман шаруашылығы институтында (Тбилиси) –
камбий қызметтерінің заңдылықтары, кавказ тұқымдылардың қасиеттері және
құрылымдық қалыптасуы (Э.Д. Лобжанидзе) бойынша; Ағаштың химиялық
институтында (АХИ, Рига) – жасуша қабырғасының құрылысы және
топохимиясы (В.С. Громов, П.П. Эриныш), модифицирленген ағаш қасиеттері
(К.А. Ронец, Я.С. Долацис және т.б.) бойынша; В.А. Комаров атындағы
Ботаникалық институтында (БИН) – қылқан тұқымдылардың метрологиясы
және диагностикасы ( Е.С. Чавчавадзе) бойынша; Воронеждегі орман техника-
лық институтында – престеу кезіндегі ағаш деформациясы (Б.И. Огарков,
А.В. Апостол) бойынша, сондай-ақ бірқатар басқада ұйымдарда орындалды.
Мәскеулік орман техникалық институтында (МОТИ) автормен және оның
басшылығымен 1950-1980-шы жылдары деформациялық, реологиялық
қасиеттері, ішкі кернеулері (Ю.Г. Лавшин, Э.Б. Щедрина, Х.А. Фахретдинов),
ультрадыбыстық бұзбайтын бақылау әдістері (В.Д. Никишов), акустикалық
қасиеттері (И.И. Пищик), ағаштың ісінуі мен құрғауы (В.П. Галкин) және т.б.
бойынша зерттеу жүргізді. Сондай-ақ гидравликалық ӛткізгіштік (П.С.
Серговский), жылу физикалық қасиеттері (Г.С. Шубин), ӛткізгіштік (А.И.
Расев), конструкциялық материал ретінде ағаш қасиеттерін (Ю.С. Соболев),
карельдік қайың ағашының түзілу процесі (А.Я. Любавская, В.В. Коровин)
бойынша зерттеу жүргізді.
1990-шы жылдары әртүрлі ғылыми және оқу ұйымдарында, ағаштың
әртүрлі
мәселелерін
шешудің
жолдары
қарастырды:
академиялық
институттарда – Краснояркстегі СО РАН орман институтында (Е.А. Ваганов,
С.Р. Лоскутов, Г.Ф. Антонова), Санкт-Петербургтегі РАН ботаникалық
институтында (Е.С. Чавчавадзе и т.б.), Петрозаводтағы КНЦ РАН орман
институтында (Л.Л. Новицкая, В.А. Козлов, М.В. Кистерная); жоғарғы оқу
орындарында – Мәскеу мемлекеттік орман университетінде (МОТУ-ММОУ)
(Б.Н. Уголев, В.Г. Санаев, Е.Г. Мозолевская және т.б.), Санкт-Петербург
мемлекеттік орман техникалық академиясында (О.И. Полубояринов,
В.А. Соловьев, И.П. Дайнеко және т.б.), Мария мемлекеттік техникалық
университетінде (В.И. Пчелин, И.А. Алексеев, В.И. Федюков және т.б.),
Архангель мемлекеттік техникалық университетінде (В.И. Мелехов, В.Н.
Волынский), Воронеж орман техникалық академиясында (А.Л. Гутман, Т.К.
Курьянова, В.А. Шамаев және т.б.) Сібір мемлекеттік техникалық универ-
ситетінде (Е.В. Харук, В.Н. Ермолин), Орал орман техникалық университетінде
(Д.А. Беленков, В.В. Сергеев), Брянск инженер-техникалық академиясында
(В.Н. Поляков), Жаңасібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде (В.М.
Хрулев, Н.А. Машкин), Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінде (Е.Н.
Покровская); салалық институттарда – МАӚОҒЗИ-да (Ю.А. Барфоломеев),
Орталық құрылыс конструкциялық институтында (М.Л. Ковальчук), Орман
генетика және селекция ғылыми-зерттеу институтында (В.К. Ширнин,
Н.Е. Косиченко).
Осы ұйымдардың жүргізген зерттеу нәтижелері, Мәскеу-Мытищте
(1990ж.), Мәскеуде (1996 ж.), Петрозаводта (2000) ӛткізілген халықаралық
енбек симпозиумында «Ағаштың сапасы, қасиеті және құрылысы» ұсынылды.
8
Бұл үлкен симпозиумдарды, сондай-ақ семинарлар және сессияларды
Аймақтық координатадық ағаштану кеңесі (АКАК), Ағаш халықаралық ғылым
академиясының (АХҒА) қамқорлығымен жұмыс істейтін ММОУ ұйым-
дастырды. АКАК-ға Ресейде, Белорусияда, Болгарияда, Венгрияда, Грузияда,
Латвияда, Польшада, Украинада, Эстонияда тұратын ғалымдар кіреді.
Ресейлік зерттеушілер ағаш туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтті.
Олардың
кӛпшілігі
Ф.
Кольмани,
А.
Фрей-Висслинг,
Г.
Марк,
Р. Тренделенбург, Л. Форрейтер, Б. Бьеркман, В. Лизе, В. Тунель, А. Юлинен,
Х.Скаар, Г. Босхард, Г. Секхар, Д. Сиау және т.б. сияқты әлемге әйгілі
ғалымдардың арасында лайықты орын алады.
Ресейлік орман технологиясының білім беру және орман ғылымдарының
кӛрнекті қайраткері Г.Ф. Морозов (1867-1920) бірінші болып Санкт-
Петербургтегі орман институтында оқытылатын «Орман технологиясы»
курсын екі бӛлікке бӛлуді кӛрсетті: негізгі бӛлігі «Ағаш туралы ілім», ал
қолданбалы ретінде – «Ағаш технологиясы» болу керек еді.
Жоғарғы оқу орындарында тиісінше бӛлімдер ашылған кезде, ағаштану
ӛзіндік оқу пәні ретінде 1932 ж. қалыптасты. С.И. Ванин 1940-1947 жж.
аралығында қайта басылған, ағаштану туралы оқулық жазды.
Ағаш туралы білім кӛлемінің үздіксіз ӛсуі «Ағаштың сыналуы және
механикалық қасиеттері» (Л.М. Перелыгин, А.Х. Певцов, 1934 ж.), «Ағаш
тұқымдар альбомы» (В.В. Миллер, А.Т. Вакин, 1938 ж.), «Ағаштану» (Л.М.
Перелыгин, 1949, 1954, 1957 жж. және қайтыс болғаннан кейінгі басылым 1960,
1963, 1969 және 1971 жж.), «Ағаштың анатомиялық зерттеу әдістері мен
негіздері» (А.А. Яценко-Хмелевский, 1954 ж.) «Ағаш құрылысы және оның
физика-механикалық әсері кезіндегі ӛзгерісі» (В.Е. Москалева, 1957 ж.),
«Орман шаруашылығы және орман ӛндірістік тұқымдыларда ағаштың басты
диагностикалық белгілері» (В.Е. Вихров, 1959 ж.), «Ағаш. Физика-механикалық
қасиеттерінің кӛрсеткіштері». РТМ (Н.Л. Леонтьев, 1962 ж.), «Ағаш және ағаш
материалдарын сынау» (Б.Н. Уголев, 1965 ж.), «Ағаш тұқымдар альбомы»
(А.Т. Вакин, О.И. Полубояринов, В.А. Соловьев, 1969, 1980 жж.), «Ағаш сынау
техникасы» (Н.Л. Леонтьев, 1970 ж.), «Ағаш конструкциялық материал
ретінде» (Ю.С. Соболев, 1979 ж.), «Ағаштану орман тауартану негізінде»
(Б.Н. Уголев, 1975, 1986, 2001 жж.), «Ағаш туралы анықтама» (А.М. Боровиков,
Б.Н.Уголев, 1989 ж.) «Ағаштану: таблицалар, формулалар, графиктер»
(О.А. Полубояринов, 1997 ж.), «Ағаштану коммерциялық тұқымдары»
(Б.Н. Уголев, Я.Н. Станко, 1997 ж.) және т.б. баспалар мен оқулықтарда кӛрініс
тапты.
Орман ӛнімдері туралы жүйелендірілген ақпаратты А. Белилин (1931 ж.),
А.И.Кузнецов (1932, 1934, 1940 жж.), С.Я. Лапиров-Скобло және А.Ф. Тиайн
(1933 ж.), С.Я. Лапиров-Скобло (1950, 1959 жж. және ӛлгеннен кейінгі басылым
1968 ж.), А.С. Ярмолинский, П.Л. Калашников, В.Д. Бахтияров (1972 ж.), Ю.Ф.
Осипенко және В.П. Рябчук (1979 ж.) және т.б. жылдарда жарық кӛрген «Орман
тауартану» бойынша баспалар мен оқулықтарда келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |