11
Қабық діңнің кӛлденең қимасында сақина кӛлемінде болады, түсі ағаш
түсіне қарағанда қоюлау. Жасы үлкен ағаштың қалың қабығын екі қабатқа
бӛлуге болады; ӛзгеру икемділігіне байланысты, қабаттың орналасу орнына
байланысты (қабықтық). Қабықтық жӛке ағашында ӛте жақсы дамыған. Ӛскен
ағаштың қабықшасы ағашты әртүрлі зақымданулардан қорғайды, сонымен
қатар камбий де беріктік қызметін атқарады. Мысалға айтатын болсақ:
температураның күрт ӛзгеруі, су тапшылығы және т.б.
Жас ағаштың діңінде қабық сыртынан тегіс болып келеді, бірақ уақыт ӛте
келе тесікшелер пайда болып, қартаяды. Сыртқы қабатының ӛзгеру жағдайына
қарай қабықша тегіс-жұмсақ (майқарағай), сүйелді (шаған), талшықты (арша)
болып бӛлінеді.
Қабыршақ жыл сайын қалыңдығы қалыңдайды, бірақ та жылдық ӛсімінің
қысқа болуына байланысты және де қабықшасының кӛп түсуіне байланысты
ағаштың қалыңдығындай болмайды. Қабықшаның кӛлемі дің кӛлеміне қатысты
салыстырғанда (1.2-кесте) тұқым қасиетіне, ағаштың жасына және күтімге
тікелей байланысты.
Жасы артқан сайын, керісінше, қабықшаның кӛлемі кішірейе түседі, ӛсу
жағдайы тӛмендеген сайын үлкейеді. Дің кӛлемінің диаметрі артқан сайын
қабықшаның үлесі азаяды. Қабықшаның қалыңдығы тамырға тақалған жерінен
бастап ұшына қарай кішірейеді.
Достарыңызбен бөлісу: