4.2 Қысу кезіндегі беріктік
Талшықтар бойымен сығу. Сынақ үшін призма түріндегі (4.1,а-сурет)
негізі 20*20 мм және биіктігі (талшықтар бойымен) 30 мм болатын үлгіні
қолданады. Нақты кӛлденең ӛлшемі a және b үлгі биіктігінің жартысының
деңгейінде 0,1 мм қателікпен анықтайды. Сынақтар құрылғылар кӛмегі арқылы
жүргізіледі.
4.1-сурет. Ағашты талшықтар бойымен сығуға сынау:
а – үлгі; б – құрылғы; 1,6 – ауыспалы шар тіректер; 2 – үлгі;
3 – пуансон; 4 – шар тірек; 5 – корпус
Үлгі 0,5...1,5 мин-та қирау үшін соған байланысты жылдамдықпен біркелкі
жүктеледі. Үлгінің қирауын күш ӛлшеуіштегі сызықтың қарсы бағыттағы
қозғалысы арқылы орнатады; бақылау сызығы шкаладағы максимал қысым
,Н –ді кӛрсетеді. Беріктік шегін
, МПа есептейтін формула:
(4.5)
0,5МПа-ге дейін дӛңгелектеу арқылы есептейді.
Сынақ кезіндегі ағаш дымқылылығы қиратылған үлгілерді кептіру арқылы
анықтайды. Сосын (4.1) формуладағы әрбір сынақтан ӛткен үлгі үшін 12%
ылғалдылықта олардың беріктік шегін есептейді. Түзету коэффициенті α
барлық тұқымдар үшін 0,04 болып табылады.
90
Мысал. Ағаш үлгісінің кӛлденең ӛлшемдерді a=19,9мм, b=20,1мм және
ылғалдылығы W=10%. Қирату қысымы
2010кгс (19698Н) болды. Сынақ
кезіндегі ылғалдылық 12% болғандағы беріктік шегін
анықтау.
(4.5) формула арқылы табамыз
,
ал (4.1) формула арқылы аламыз
.
Бұл тарауда, егер ерекше нұсқаулықтар болмаса, механикалық қасиет
сипаттамалары САММҚ 69-84 және САММҚ-Р-237-87 келтірілген [1]. Онда
әртүрлі аймақтарда ӛнген кӛптеген отандық тұқымдарға толығырақ мәліметтер
берілген. Кестеде орташа мән кӛрсеткіштері берілген; максимал кӛрсеткіш пен
жеке үлгілер мәндері минимал кӛрсеткіштерден 2 есе немесе одан кӛпке
айырмашылығы болуы мүмкін.
Талшық бойымен сығу кезіндегі негізгі тұқымдар үшін беріктік шегі 4.1-
кестеде берілген.
Ӛзіміз кӛргендей, талшық бойымен сығу кезіндегі ағаштың беріктік шегі
оның ылғалдылығына ӛте тәуелді. Камералық кептіруден ӛткен ағаштың
беріктігі жаңа ӛскен кезіндегіге қарағанда 2....2,5 есе жоғары.
Орташа есеппен барлық зерттелген тұқымдардың талшық бойымен сығу
кезінде ылғалдылығы 12% болғандағы, беріктік шегі шамамен 50МПа болады.
Негізгі тұқымдарды (балқарағай, шырша, емен, күлшаған) талшық бойымен
сығу кезіндегі, қысым мен деформацияның арасындағы сызықтық тәуелділік
ескерілетін пропорционалдық шегі орташа есеппен 0,7 беріктік шегін құрайды.
4.1-кесте. Ағаштардың беріктік шегі, МПа, талшық бойымен сығу кезіндегі
Тұқым
12%/30% және т.б.
ылғалдылық кезінде
Тұқым
12%/30% және т.б.
ылғалдылық кезінде
Балқарағай
Қарағай
Шырша
Самырсын
Сібір самырсыны
Ақ акация
Қызыл қайың
Үйеңкі
Шаған
Алмұрт
65/25
46/21
45/19
40/16
40/17
73/41
61/36
59/28
56/32
58/26
Емен
Грек жаңғағы
Қайың
Шамшат
Шегіршін
Жӛке
Қандыағаш
Кӛктерек
Терек
57/31
55/23
54/26
53/27
47/25
46/24
45/23
43/19
40/17
91
Конструкциялар мен бұйымдарда ағаш ӛте кӛп кездерде талшық бойымен
сығылуға жұмыс істейді, себебі оның осындай қысымдарға беріктігі ӛте
жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |