16
Ақуыздық дистрофияның маңызы ақуыздардың физико – химиялық өзгеруі
нәтежиесінде торша цитоплазмсы құрылысының және торшааралық заттарының,
яғни, ақуыздық заттардың ағзасына бөтен заттардың ұлпаға қанмен түсуі,
торшалық секрецияның ұлғаюы, су мөлшернің ұлпаларға бөлінуінің бұзылуынан
тұрады.
Олар таралуы бойынша жалпы және жергілікті сипатта болуы мүмкін.
2.Торшалық дистрофия
Барлық ақуыздық дистрофия түрлерінің ішінен жиі кездесетіні
түйіршікті
дистрофия. Ол цитоплазмада дәндер мен ақуыздық табиғат тамшыларының
кездесуімен сипатталады. Дистрофиялық үрдіске паренхиматозды ағзалар
(бүйрек, бауыр, миокард), сирек – қаңқа бұлшық еттері ұшырайды. Осыған
байланысты, түйіршікті дистрофияны
паренхиматозды дистрофия деп атайды.
Микроскоп арқылы қарағанда, бүйректің, бауырдың және бұлшық ет
талшықтарының эпителиальді ісінуін, сондай-ақ, олардың цитоплазмасында
торшаның бұлыңғыр түрін қамтаммасыз ететін түйіршіктілік түзіледі.
Түйіршіктіліктің
пайда
болуы
ұлпалық
гипоксия
жағыдайларында
митохондрияның дөңгелектенуі мен ісінуіне байланысты болуы мүмкін және
цитоплазманың ақуыздық – липидтық кешенінің декомпозициясының нәтежиесі,
ақуыздардағы көмірсулар мен майлардың патологиялық трансформациясы,
торшалық ақуыздың денатурациясы немесе қан тоғымен енетін ақуыз ағзасы үшін
бөтен торшалардың инфильтрациясы болуы мүмкін.
Түйіршікті дистрофия инфекциялық аурулар кезінде, ағзаның мүмкін
болатын барлық интоксикацияларында, ұлпаларға қышқыл өнімдердің жиналуы
нәтежиесіндегі қан айналымның күйзелісі кезінде дамуы мүмкін.
Түйіршікті
дистрофия
кезінде
макроскопиялық
ағзалар
ісінген
торшалардың капилярларды басуы әсерінен, қалыптан тыс ісінген, болбыр
консистенциялы, ақшыл түске боялған. Ағзалар паренхимасын кескен кезде
көрінісі жадағайланған, түрі күңгірт, ағзалардың ісінуі пайда болады. Жүрек
бұлшық еті піскен етке ұқсас, ал бауыры мен бүйрекгі сұр – күңгірт түске ие
болады.
Түйіршікті дистрофия зақымдалған ағзалардың функцияларының
бұзылуына әкеп соқтырады. Мысалы, миокардтың түйіршікті дистрофиясы
кезінде жүректің жиырылғыштық қасиеті әлсірейді.
Достарыңызбен бөлісу: