Kaynakça
Talât TEKİN, KöktürkYazıtlarındakiDeyimlerÜzerine - I, Nisan 1957, C: VI, S: 67.
Doğan AKSAN ,Türkçenin gücü. İş bankası yayını , 286. Ankara: 1987. - 85s
Alı DOĞANAY, Türkçe deyimler sözlüğü. Ege matbaası, Ankara , -11s
Reşit Rahmeti ARAT, Yusuf Has Hacip Kutadgu Bilig II çeviri (yedinci basım. - Türk Tarih kurumu yayınları, Ankara: 1985
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ОЙ – ПІКІРЛЕР
Әліпбек А.З., п. ғ. к., доцент м.а.,ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан
Сейдаева А.Н., магистр-оқытушы,ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан
Қамбарбекқызы Ф. 103-13 оқу тобының 4 курс студенті,ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан
Резюме
В этой статье рассматриваются мысли Жусипа Баласагуни о формировании личностных качеств. А также определяются педагогические идеи мыслителя и особенности и основные проблемы его идеи о формировании личности.
Summary
In this article Zhusip Balasaguni's thoughts of formation of personal qualities are considered. And also the pedagogical ideas of the thinker and feature and the main problems of his idea about formation of the personality are defined.
Ж.Баласағұнның тәрбие теориясының негізі болып табылатын жетілген тұлғаны тәрбиелеу туралы ілімі оның қоғамдық-саяси көзқарастарынан рухани бастау алады, соның ішінде педагогикалық ой-пікірлері ерекше мәнге ие болады.
Ж.Баласағұнның педагогикалық ілімінің негізі – дидактика құрайды. Өйткені, «Құтты білік» атауының өзі айтып тұрғандай, оқу-білім мәселесіне арналған. Бірақ, Ж.Баласағұнның педагогикалық ілімінің ерекшелігі – оның барлық дидактикасы жетілген тұлғаны тәрбиелеу, адамда тұлғалы ізгі қасиеттерді тәрбиелеу идеясына негізделеді.
Ж.Баласағұнның ойынша, «Ізгілік деп адами қасиеттерді тәрбиелеуде жоғары адамгершілік сана мен мінез-құлықты қалыптастыру басты роль атқарады, соның негізінде ішкі және сыртқы дүниесі өзара тең, рухани және дене әсемдігі өзара үйлескен жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге болады [1, Б.48].
Адамда адами қасиеттерді тәрбиелеу туралы айтқанда, Ж.Баласағұн тәрбиенің төрт тұғырына сүйенеді: әділет, дәулет, парасат, қанағат. Зерттеуші А.Рыскиева аталмыш төрт тұғырдың диалектикалық тұрғыдан бірін-бірі өзара толықтырып отыратынын айта келіп, онсыз тұлғаны тәрбиелеудің мақсаты болып табылатын бақытқа жету мүмкін еместігін көрсетеді: «Әділеттің ақ туы іспеттес Күнтуды (әділет) басты тұлға. Себебі, ізгілікті қоғамның мәңгілік арқауы әділеттік, ол – ана сүтімен сүйекке сіңетін қасиет. Ал ақыл да, дәулет те, қанағат та, сезім де туылғаннан емес жүре бітер қасиеттер және тұрақты болмайды, өзара қарама-қайшылықта болады. Мәселен, дәулет баянсыз, тұрақсыз түлеп, жанғырып тұрады. Ақыл адалға да, арамға да бітеді, қанағат жаңғырып тұрады. Олардың әрқайсысы жеке-дара алып қарағанда дүниеге тұтқа болмайды.
Қазіргі педагогикада оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткiлiктi деңгейiне қол жеткiзу үшiн‚ ең алдымен бірінші кезекке‚ оқушыны пәндiк бiлiм‚ бiлiктердiң белгiлi бiр жиынтығымен қаруландыру емес‚ оқу әрекетiн қалыптастыру негiзiнде тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, Ж.Баласағұнның ілімінде адамның адамгершілік тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді, яғни адамгершілік тәрбиесі басты орынға ие. Ойшыл адамның тұлғалық қасиеттерінің мынадай сапаларын нақты бөліп көрсетті [2, Б.93].
1. Кісілік – адамгершіліктің негізгі тұтқасы, адамилықтың биік шыңында тұратын құнды қасиет, Адамды адам етіп құрметтеудің, бағалаудың белгісі ретіндегі сапалық көрсеткіш. Ғұлама кісілікке тән сипаттарды былай бөліп көрсетеді: тіл – адал сөйлеп, шындығын айту; әділет – әділдікті сақтау, ар-намысты қорғау; жомарттық – қайырымды, кеңпейілді, ақжүрек және қол кең болу; қайсарлық – елін-жерін қорғау, жаудан сақтану. Ж.Баласағұнадамның бойындағы кісілік қасиетін жоғары қоя отырып, кісі ділі, тіні, негізі – кісілігімен ғана Адам деген құрметке ие екендігін ашып көрсетеді:
Кісі екенсің, тінің сенің – кісілік,
Кісілерге адамдық ет кешіріп...
Кісілікпен танытасың затыңды,
Кісілікпен шығарасың атыңды.
Кісілерді кісі еткен кісілік,
Кісілікпен аты шығар кісінің...
Кісі ізгісі – қайрымды кең кісі,
Ел сарасы, кісіліктің белгісі...
Әділдік –құт. Құт құрығы – кішілік.
Әділдіктің заты – тұнған кісілік.
Ғұламаның «кісіліктің» мәнін ашып көрсету бойынша айтқан даналық тағылымдары дастанның өн бойынан кездесіп отырады. Қазіргі жастарымыздың бойында кісілікті қалыптастыру ең маңызды мәселе болса, Ж.Баласағұнның еңбегі – кісіліктің әліппесі ретінде баға жетпес құнды дүние.
Достарыңызбен бөлісу: |