Роза МҰҚанова kitapzharys online



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата14.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#114509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kitapzharys.online 
ана-бейне дауыс салды. «Сен құрсақта жатқанда Дегелең тауының түбінен 
жер астын дүмпілдетіп, жарылыс болып жатушы еді, сол басылды ма? 
Іңгәләп, бесікте жатқан сен талай рет сол жарылыстан қорқып, шыр етіп
қолды-аяққа тұрмай безілдеп кетуші едің. Сол әдеттің ес білгенше қалмап 
еді... Сен Шыңғыс тауының етегінен көтерілген ауадағы қып-қызыл, 
саңырауқұлақ іспетті лаулап тұрған алауға қызығып, жүгіре жөнелетін едің, 
қазір ше? «Апа, тау жақтағы әуеде қалықтап тұратын саңырауқұлақ бүгін 
тағы да түсіме кірді» — дейтін ең. Сонда әжең жарықтық: «О, қарғатайым-
ау! Сен де, құдай жеткізсе сол саңырауқұлақ сияқты, жұрттың көзінің жауын 
алып, лаулап тұратын боласың», — деп мейірленіп, маңдайыңнан сүюші еді. 
«Қазір қайдасың? Қайда кетіп қалғансың?» Сай ішіндегі дауыс әлсіреп сөніп, 
Ай көтеріліп, биіктеп бара жатқандай болды. Сол қалпы, терең сайдағы әр 
тобылғының түбінен Ләйлә-қызды іздеп, кезіп барады. Бірақ бұл жолы Ай 
бетіне еміреніп қарайтын терең сайдағы қыз бейнесі көрінбеді. Адамдар 
қара-құрым болып, көп жиналған жерден бойын аулақ салып, көзге түспеуге 
тырысып жүруші еді. Қатира қояр да қоймай бүған жік-жапар болып, 
жабысып алды. 
— Жүр, Қарауылда той бар. Сонда барайық. Сен сорлы да бір сейіліп 
қайт. 
Ләйлә не айтарын білмей, кезерген жұқалтаң ернін ігістелей берген: 
«Елдің көзі-ақ... Жұрттың сөзі...» Бұл ойын Қатираға сездіріп, мүсәпір күй 
танытқысы келмеді. Сылтауратып: «Шаршап отырмын», — деген. 
— Қой-ей, жүр енді, жүр! — деп, әйел қызды жұлмалай берді де, 
көнбейтін болғасын, қолын әр жерден бір сумаңдатып, қытықтай бастады. 
Қыз қарқылдап кеп, қыстығып күле орнынан көтерілді де, үп-үлкен 
алақанымен әйелді кеудесінен итеріп қалды. Сол сәт, Қатираның өңі құп-қу 
болып кетті. 
— Бармасаң қой әрі! 
— Барамын! — Кенет Ләйлә әлдекімге ерегіскендей, «Барамын» деді. 
«Шіркін-ай, шіркін-ай десейші! Менен басқаның бәрі де бақытты, бәрі 
де көңілді. Бұл дүниенің бар бақыты — он екі мүшеңнің саулығында екен 
ғой. Көпке қиған бақыттың өзіне зар болған қандай сормаңдай едім». Ләйлә 
той өтіп жатқан үйдің көңілді адамдарына қызыға қарады. Бұршақ-бүршақ 
болып төгілген көз жасын өлсін-әлсін ел көзінен жасырып сүрте берді. 
«Білемін, өспеймін. Құдірет-ау, басқа мазағың жетпегендей, әлі көрсетер 
қасіретің көп пе? Онан да біржола жоқ етіп неге жібермейсің. Heгe неге? 
Саған да керегім жоқ па, менің қасиетсіз бейнеме ыржалаңдап күлгің келе 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет