Түрі: Сайыс сабағы Барысы



бет1/6
Дата15.05.2022
өлшемі26,56 Kb.
#34493
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Сабақтың тақырыбы:  Туған тілім – тұғырым

Мақсаты: Тіл - елдің ұлттық мақтанышы, баға жетпес мұрасы екенін түсіндіру;

оқушының ойын, қиялын, дүниетанымын дамыту; сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.                    



Түрі:  Сайыс сабағы

Барысы:

  1. Мұғалімнің сөзі

  2. Жүргізуші сөзі

  3. «Ойлан тап» берілген сөздегі әріптерден сөз теру

  4. «Сен білесің бе?» сұраққа жауап

  5. «Ұшқыр ой» сұраққа жауап

  6. «Аталар сөзі – ақылдың көзі» билер сөзінің жалғасын табу

  7. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» «Жаргон сөйлеу дұрыс па?» пікірталас

  8. Мадақтау. Қорытынды

 

  • Армысыздар, құрметті оқушылар! Халықтың тарихта қалуы тіліне

байланысты.Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Еліміз Егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. 1989 жылы алғаш рет «Тіл туралы» заң қабылданып, мемлекеттік мәртебеге ие болады. Қасиетті ана тілімізді, дана тілімізді, тіл өнерін, қазақ тарихындағы тіл шұрайын  танып-білу және үлгі алу, халқымыздың мәдениеті мен әдебиетін тіл арқылы насихаттау, адам, халық тіршілігіндегі тілдің маңызын жеткізу мақсатымен өткізілгелі отырған «Туған тілім – тұғырым» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысқа екі топ қатысады.

     Жүргізуші: Тумысынан ойшыл, табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды, ойын-сауықшыл халқымыз баға жетпес асыл мұра – сөз өнерін киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңдіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырды. Ендеше, өрісі биік ойшыл бабалардың бүгінгі ұрпағы «Ойлан тап» кезеңінде қандай өнер көрсетер екен?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет