1. Табиғи (алғашқы) эндоаллергендерге жатады (4)
А) көз бұршағы тіні
В) қалқанша бездің коллоиды
С) тестикула тіні
D) миелин
Е) күйіктік тін
2. Кейінгі эндоаллергендер түзілуі байланысты (4)
А) ұрықтық даму кезеңінде иммундық жүйемен түйісуі болмаған тіндердің гистогемдік тосқауылының бұзылуына
В) вирустардың әсері салдарынан организм нәруыздарының антигендік құрылымдарының өзгеруіне
С) микробтардың әсері салдарынан организм нәруыздарының антигендік құрылымдарының өзгеруіне
D) химиялық жайттардың әсері салдарынан организм нәруыздарының антигендік құрылымдарының өзгеруіне
Е) иондайтын радиацияның әсері салдарынан организм нәруыздарының антигендік құрылымдарының өзгеруіне
3. Аллергиялық әсерленістердің иммундық сатысына тән (1)
А) аллергиялық дәнекерлердің түзілуі
В) мес жасушаларының түйіршіксізденуі
С) жасушалардың аллергиялық дәнекерлердің әсеріне жауабы
D) аллергиялық антиденелер немесе сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттердің түзілуі
Е) антиденелер титрінің төмендеуі
4. Аллергиялық әсерленістердің патохимияылқ сатысы сипатталады (1)
А) микроциркуляцияның бұзылуымен
В) тегісеттік бөлшектердің жиырылуымен
С) қан тамырлары қабырғалары өткізгіштігінің жоғарылауымен
D) аллергиялық дәнекерлерінің босап шығуымен
Е) иммундық кешендердің түзілуімен
5. Аллергиялық әсерленістердің патофизиологиялық сатысы сипатталады (1)
А) иммундық кешендердің түзілуімен
В) биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) белсенділенуімен
С) ББЗ әсерінен ағзалар мен тіндерде құрылымдық және қызметтік бұзылыстармен
D) антиденелер түзілуімен
Е) сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің түзілуімен
Достарыңызбен бөлісу: