Руководителю соц



бет47/51
Дата21.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#120094
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын

6. Сезімталдық жоғарылауының белсенді түрі салдарынан пайда болады (4)
А) организмге аллергеннің ауыз қуысынсыз түсуі
В) аллергеннің тағаммен түсуі
С) аллергенді дем арқылы жолмен негізу
D) аллергеннің тері жабындылары арқылы түсуі
Е) сезімталдығы белсенді жоғарылаған донор қанын құйған кезде антиденелер
немесе сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің түсуі
7. Сезімталдықты енжар жоғарылату дамиды (1)
А) аллерген қайтадан енгізгенде
В) организмге гаптен түскенде
С) меншік тіндердің зақымдануында
D) арнайы антиденелерді немесе сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттерді енгізгенде
Е) нәруыздық дәрмектерді көктамыр ішіне енгізгенде
8. Аллергиялық әсерленістердің реагиндік түріне тән (4)
А) иммуноглобулиндер IgЕ маңызы зор
В) әсерленіс аллергенмен қайтадан жанасқаннан кейін 15 - 20 минөттен соң көрінеді
С) әсерленіс аллергенмен қайтадан жанасқаннан кейін 24 - 48 сағ. соң көрінеді
D) патохимиялық сатыда гистамин, гепарин, простагландин, лейкотриендер босайды
Е) клиникалық көріністері болып ісіну, бронхоспазм, тері қышуы болып табылады
9. Аллергиялық әсерленістің реагиндік түрінің иммундық сатысы сипатталады (4)
А) Т-, В-лимфоциттер және макрофагтардың бірігуімен
В) плазмалық жасушалардың клоны түзілуімен
С) сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің клоны түзілуімен
D) антиденелер титрінің жоғарылауымен
Е) мес жасушаларының белсенділенуімен
10. Аллергиялық әсерленістің цитотоксиндік түрінің иммундық сатысы сипатталады (1)
А) мес жасушаларының беткейінде аллергендердің реагиндермен өзара әрекеттесуімен
В) жасуша мембранасының өзгерген бөлшектерімен антиденелердің өзара әрекеттесуімен
С) базофилдердің беткейінде антигендердің антиденелермен өзара әрекеттесуімен
D) аллергендермен сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттердің өзара әрекеттесуімен
Е) қанда айналып жүретін иммундық кешендердің түзілуімен
11. Аллергиялық әсерленістің цитотоксиндік түрі патогенезінің көрсетілмеген тізбегі (1)
Жасуша мембранасының антигендік құрылымының өзгеруі және кейінгі аллергеннің түзілуі аутоантиденелер түзілуі  нысана жасушалар беткейінде иммундық кешендердің түзілуі  ……?……. белсенділенуі  нысана жасушаның фагоцитозы
А) комплемент жүйесінің С1,4,2,3 бөліктері
В) калликреин-кининдік жүйе
С) қан ұйыу жүйесі
D) фибринолиз жүйесі
Е) қан ұйыуына қарсы жүйе
12. Аллергиялық әсерленістердің III түрі кезінде байқалады (4)
А) қан тамырлары эндотелийінің зақымдануы
В) қан тамырларының негізгі мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы
С) тромбоциттер және нейтрофилдердің белсенділенуі
D) плазмалық ферменттік жүйелердің белсенділенуі
Е) түйіршікті қабынудың дамуы
13. Аллергиялық әсерленістің ІІІ түрінің патофизиологиялық сатысында дамуы мүмкін (3)
А) қан тамырларының тромбозы және эмболиясы
В) ішкі ағзалардың инфаркты
С) ішкі ағзалардың дистрофиясы
D) эритроцитоз
Е) тромбоцитоз
14. Аллергиялық әсерленістердің IV түріне тән (3)
А) сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің маңыздылығы
В) әсерленіс, аллергенмен қайтадан жанасқаннан кейін 6 - 8 сағ. соң көрінеді және 24 - 48 сағ.соң жоғары деңгейге жетеді
С) әсерленіс, аллергенмен қайтадан жанасқаннан кейін 20 - 30 минөттен соң көрінеді
D) негізгі дәнекерлері болып лимфокиндер табылады
Е) негізгі дәнекерлері болып гистамин, кининдер, лейкотриендер
15. Сәйкестікті тап:
1. Аллергиялық әсерленістердің I түрі
2. Аллергиялық әсерленістердің II түрі
3. Аллергиялық әсерленістердің III түрі
4. Аллергиялық әсерленістердің IV түрі
А) поллиноз
В) туберкулиновая проба
С) иммундық тромбоцитопения
D) анафилаксиялық сілейме
Е) сарысулық ауру
F) Артюс феномені
G) жанасулық дерматит
H) есекжем
16. Сәйкестікті тап:
Аллергиялық әсерленістердің негізгі дәнекерлері

  1. I түрінің (4)

  2. II түрінің (3)

  3. III түрінің (8)

  4. IV түрінің (1)

А) гистамин
В) эозинофилдердің хемотаксистік жайты
С) лейкотриендер
D) простагландиндер
Е) комплемент бөлшектері
F) лизосомалық ферменттер
G) оттегінің белсенді өнімдері
H) кининдер
I) лимфокиндер
17. Сезімталдықты арнайы төмендету қабаттасады (4)
А) реагиндер (IgЕ) түзілуінің төмендеуімен
В) бөгеуші антиденелердің (IgG) өндірілуімен
С) қан нейтрофилдерінің аллергенді және иммундық кешенді фагоцитоздауы күшеюімен
D) Т-супрессорлық белсенділіктің қалпына келуімен
Е) мес жасушаларының беткейінде антиген-антидене иммундық кешендерінің түзілуімен
18. Сезімталдықты бейнақты төмендетуге қол жеткізіледі (4)
А) глюкокортикоидтарды қолданумен
В) А.М. Безредко бойынша аллерген енгізу арқылы
С) аллергияға қарсы дәрілерді белгілеумен
D) психотерапиялық шараларды өткізумен
Е ) физиотерапиямен
19. Жалған аллергиялық әсерленістерге тән (3)
А) патофизиологиялық сатының болуы
В) патохимиялық сатының болуы
С) иммундық сатының болуы
D) мес жасушаларының түйіршікшізденуі
Е) қан тамырларының эндотелийінде иммундық кешендердің бекуі
20. Жалған аллергиялық әсерленістер дамуының негізгі тетіктері (4)
А) қанда гистаминнің көбеюі
В) комплемент жүйесі нәруыздарының шектен тыс белсенділенуі
С) комплемент жүйесінің С1 бөлшегі бәсеңсіткішінің тұқым қуалайтын жеткіліксіздігі
D) простагландиндер (ПГ) және лейкотриендер (ЛТ) арасында тепе-теңдіктің бұзылуы
Е) лимфоциттер-киллердің (СD8 ) белсенділігі жоғарылауы

17 тақырып. ӨСПЕ ӨСУІ


Сабақ мақсаты:

  • Өспе патофизиологиясын меңгеру.

  • Теориялық материалдарды талқылауда медициналық терминдерді қолдануды үйрету

  • Организмнің өспе өсуіне қарсы төзімділігінің тетіктерін және олардың өспелік аурулардың алдын алу және емдеудегі маңызын оқып-білу

  • Эрлих карциномасының іш шемендік түрі жасушаларының морфологиялық атипиясын микроскоппен қарап табу

  • Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану



Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Өспе туралы түсінік, анықтамасы. Қатерсіз және қатерлі өспелер, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
2. Өспелер этиологиясы. Өспелердің пайда болуында химиялық, физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.
3. Өспелердің пайда болуында жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелердің маңызы.
4. Өспелердің пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы.
5. Өспе өсуінің патогенезі.
6. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.
7. Өспе өсуіне қарсы төзімділік туралы түсінік, оның тетіктері,
8. Өспенің организмге әсері, өспе алддылық үрдістер.
9. Өспелердің алдын алу және емдеудің ұстанымдары.


Оқыту әдістері: Пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу- тапсырмаларды орындау, нәтижелерді талқылау.
Бақылау тәсілдері: Ауызша сұрау, ситуациялық есептері бойынша қорытындыны тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет