Руководство для реализации уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан



бет33/39
Дата16.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#50647
түріРуководство
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Қорытынды кезең (болжамды уақыт)
Оқушылар не істей алды?
(қандай ілгерілеуге қол жеткізді және ол немен расталады?)

Жетістіктер критерийлеріне қолжеткізді.
Өзара бағалағанда және өзін-өзі бағалағанда шынайы баға береді.

Жетістіктер критерийлеріне қолжеткізді.
Өзін ұсынылған критерийлер бойынша шынайы бағалайды.

Оқушылардың жауаптарын зауықсыз бағалайды, бірақ өзін-өзі шынайы бағалайды.





Біз зерттелген сұраққа қалай жауап бердік және Lesson Study 5-циклін аяқтау
Сонымен 5-сабақтың нәтижелерін Lesson Study үдерісімен біріктірілген пікірлес-мұғалімдер тобымен талқылап, оқушылар үшін жетістіктер критерийлері – әр тапсырманың мақсатына және содан кейін сәйкесінше бүкіл сабақ мақсатына қолжеткізуде жол нұсқаушы рөлін атқаратыны байқалды, жетістіктер критерийлерін айту өзін-өзі сәтті бағалауға кепіл болып табылатындығы анық, яғни жетістіктер критерийі оқушылардың өзін-өзі шынайы бағалауына септігін тигізеді.
Мұғалімдермен ұсынылған бес сабақ бойы жетістіктердің нақты критерийлері келесіні көздеген:

  • оқушылармен олардың тексеруге ұшырайтындығын ұғынуы;

  • оқушыларға өзінің жұмысын қайта қарау мүмкіндігін беру;

  • оқушыларға өз жұмысын жетілдіруге бағыттарған өзінің жеке мақсаттары мен әрекеттерін анықтауда көмек көрсету.

Сонымен қатар біздің топпен оқушыларға өзінің қателіктері мен қиындықтарын сол сәтте мұғалім оларға қолдау көрсеткенде және қатемен жұмысты жүргізуге оларға уақыт бергенде жеңіл мойындалатыны туралы қорытынды жасалды.
Сабақты жүргізетін мұғалімдердің оқушылар өзін-өзі бағалаған кезде өзінің түсініктемелерін беріп, журналға баға қойғанына қарамастан, көп жағдайда оқушылар жетістіктердің нақты критерийі алдында болғанда жақсы нәтижеге қалай қолжеткізуге болатынын түсіне алды.
Lesson Study қорытындыларын шығару

Lesson Study аясындағы бес циклды өткізіп (әрқайсысы келесіні қамтыған: бірлескен жоспарлау, сабақты өткізу және бақылау, оқушылармен сұхбаттасу, сабақты талқылау және келесі сабақты бастапқы жоспарлау), біз барлық қатысушылар үшін бұл үдеріс өз жұмысына терең рефлексия жүргізуге септігін тигізді деген қорытындыға келдік:



  1. Біріншіден, оқушыларды оқуға тартқан және өзінің оқуына жауапты болуға ынталандырған зерттеудің тақырыбы мұғаліммен жүргізілетін бағалауға қарағанда оқыту және оқу туралы көбірек ақпарат берді.

  2. Бірлескен жоспарлау мұғалімдер арасындағы мұғалім оқытудың белгілі бір стратегияларын қолдану бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісуге батылы бармаған немесе бөліскісі келмеген жағдайда бөгетті «жояды»;

  3. Бірлескен жоспарлаудан кейін сабақты өткізу ашық сабақтар кезінде мұғалімдер ұшырайтын шиеленісу сезімінен босатады;

  4. Әріптестердің бақылауы оқытушы байқамауы мүмкін сабақтың барлық қырлары мен тұстарын қатиды, алайда осы «тұстар» бақылаушы мұғалімнің де, сабақты өткізуші мұғалімнің де тәжірибесінің елеулі жақсаруына әкелуі мүмкін;

  5. Өткізілген сабақтан соң бірнеше оқушыдан сұхбат алу мұғалімдерге зерттелген сабақтың тиімділігі мен қателіктері туралы олардың пікірін анықтауға септігін тигізеді;

  6. Өткізілген сабақты егжей-тегжейлі талқылау алынған елеусіз нәтижені де байқауға көмектеседі, ал мұның өзі нәтиже болып табылады.

  7. Зерттеуден алынған түзетулерді ескеріп, келесі сабақтарды жоспарлау мұғалімдерге келесі сабақтардың сапасы мен тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Топ мұғалімдерінің пікірлері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет