Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау



Pdf көрінісі
бет10/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   198
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы 
барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын 
белсенді оқушы болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің 
мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін ке-
рек. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда қалыптастырушы бағалау үдерісінің 
едәуір дамуына және оны оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал 
етті. Аталған Үшінші деңгей бағдарламасы осы еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-
ақ осы идея негізінде құрылған оқыту мен оқудың стратегияларын қарастырады. 
Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал 
ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан Үшінші деңгей бағдарламасы 
сыни бағалау тәсілдерін де қарастырады.
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде 
тиімді пайдалануды білетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас 
үшін АКТ-ны сенімді және сын тұрғысынан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар 
негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, 
алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін 
жібере білу.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды 
оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары 
жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық 
сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант 
пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып та-
былмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы Үшінші деңгей бағдарламасының аясында 
талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл 
пайдаланылатын болады. 
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде 
осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Аталған тақырып 
оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен 
оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау 
жөніндегі идеяларды қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет