Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы
Үшінші деңгей бағдарламасында айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жа-
тыр. Балалар өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланыстың негізінде өз түсініктерін
құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу»
(Mercer, 1995; Alexander, 2008), метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell, 1976;
Vygotsky, 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық
идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдің
барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға бо-
латынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен
тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және
мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен да-
мытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана
оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және
оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.