С. А. Козлова, Т. А. Куликова


ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет208/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   396
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ 

МЕН ТҮРЛЕРІ 

Оқытудың әдістері мен нысандары        

туралы түсінік 

          Оқыту  түрлі  әдістермен  іске  асады.  Грек  тілінен 

аударғанда «метод» бір нәрсеге жету жолы, мақсатқа жету әдісі 

дегенді білдіреді. 



Оқыту  әдістері  -  дидактикалық  мақсаттарға  жетуге 

бағытталған  педагогтың  және  үйренуші  балалардың  өзара 

байланысқан жұмыс әдістерінің жүйесі. 

Әдістің  мұндай  анықтамасында  оқыту  процесінің  екі 

жақты  сипаты  белгіленеді.  Оқыту  әдістері  педагогтың 

қызметімен  шектеледі,  балалардың  тәжірибелік  қызметімен 

байланысқан  танымдық  қызметін    арнайы  әдістерімен 

ынталандырады  және  бағыттайды  деп  болжайды.  Сонымен, 

дидактикалық  мәселелерді  шешуге  тәуелді,  педагог  пен 

балалардың  дара  байланысқан  қызметтерінде  көрінетін  айтуға 

болады. 

     Әр  әдіс  педагогпен  үйренушілердің  белгілі  тәсілдерінен 

тұрады.  Оқыту  тәсілі  әдіске  қарағанда,  әлде  қайта  оқуға 

бағытталған. Тәсілдердің теркесі оқыту әдісін құрайды. Тәсілдер 

әркелкі  болған  сайын,  соғұрлым  олар  кіретін  әдісте  мазмұнды 

және ықпалды болады. 

Мысалы,  үлкен  топта  күз  туралы  әңгімелесіп  жатыр. 

Педагог  әңгіме  әдісінің  кең  тараған  тәсілдерін  қолдана  алады. 

Балаларға  сұрақ  қою,    түсіндіру,  балалардың  өзіне  әңгіме. 

Чайковскийдің  «Октябрь»  («Жыл  мезгілдері»  циклінен) 

музыңасын баяу қойып әңгімені бастауға болады, ал содан кейін 

иллюстративті  материал  ретінде  балалардың  шығармашылық 




260 

жұмыстарын  көрсетуге  болады  (суреттер,  аппликациялар, 

шишкалар, емен жаңғақтарынан жасалған заттар, магнитафонға 

жазылған  балалар  әңгімелері,  балаларға  таныс  әдеби 

шығармалардың  үзінділерін  тыңдау,топпен  бірге  табиғат 

календаріне  талдау  жасау  және  т.б.    Оқыту  тәсілдерінің 

тіркесінің  екінші  нұсқасы  нәтижелілірек,  өйткені  бұл  тәсілдер 

баланың  есінде  және  қиялында  күздің  суреттерін,  оның  аз 

бояуларынқалдырады,  кейін  олар  өзкезінде  сөйлеу  мен  ойлау 

қызметін белсендіруге әкеледі.  

Әртүрлі оқыту әдістеріне бірдей тәсілдер кіруі мүмкін. Мысалы, 

есте  сақтау,  жұмбақ  пайдалану,  іс-қимылды  көрсету,  сұрақтар 

тәсілдері  бақылау,  әңгімелесу,  жаттығу,  эксперимент  жасау 

әдістерінің құрамына кіреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет