29
түсінуге, тәрбиелеу, оқытуды жетілдірудің жолдарын көруге
мүмкіндік береді. Зерттеу нысаны отбасы да болу керек.
Педагогке отбасының тәрбие беру мүмкіндіктерін, атап
айтқандабаланы тәрбиелеуге деген көзқарасты, екі ата-ананың,
отбасының басқа да мүшелерінің қатысу шегін; отбасылық
микроклиматтың ерекшеліктерін және т.б. білу қажет.
Балаларды, олардың отбасыларын тануда педагогтік мақсатқа
бағытталған бақылаулар, әңгімелесулер, (күн тәртібі, үй еңбегі,
кітапты оқу туралы) ата-аналардың, балалардың әңгімелері,
отбасыларына
бару,
бірлескен
мерекелер,
балалардың,
педагогтер мен ата-аналардың еңбек қызметі көптеген құнды
дүниелер береді. Жекелеген жағдайларда балалардың дамуында
белгілі бір ерекшеліктерді анықтау мақсатында арнайы
экспериментальды жұмыс ұйымдастырылады (балалардың
Туған жері туралы көзқарастарын қалыптастыру, мәдени-
гигиеналық дағдыларының қалыптасу деңгейін зерттеу және
т.б.).
Гностикалық
іскерліктер
басқа
тәрбиешілердің
педагогикалық тәжірибесін (журналда, кітапта жарияланған,
тікелей бақыланатын) зерттеу барысында білім беру
жұмысының
әдістерін,
тәсілдерін
үйрену
мақсатында
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: