С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет30/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

университеттер 

пайда 


болды. 

Университеттердің  пайда  болуы  тұлғаның  интеллектуалды-

рухани  дамуына  қоғаммен  қойылған  жаңа  талаптарына  жауап 

ретінде ұғынылды. 

^ Білімқұмарлар үшін 

1148  жылы  Еуропада  алғашқы  болып  Болоньеде  (Италия)  университет 




39

 

ашылды,  Орта  ғасыр  үшін  ұйымдастыру  демократизмінің  бірегейлігімен 



ерекшеленді:  студенттер  өз  қалауы  бойынша  оқытушыларды  қабылдап, 

жұмыстан  шығару,  дәріс  мерзімінің  ұзақтығын  анықтау,  ректорды  сайлауға 

қатысу  құқықтарына  ие  болды.  ХІІ  жылы  Оксфорд  университеті  (Англия), 

ХІІІ  жылы  –  Париж  университеті  (Франция)  пайда  болды.  Орта  ғасырлық 

университетте  әдетт,  төрт  факультет  болды:  теологиялық  (діни), 

медициналық, заң және еркін мамындақтар (көркем). 

Ф.Аквинский,  Ф.Бэкон,  Ф.Рабле,  М.Лютер,  Т.Мор,  Т.Кампанелла, 

Э.Роттердамский  және  т.б.  сияқты  Орта  ғасыр  ойшылдарының,  мемлекеттік 

және  діни  қызметкерлерінің    еңбектерінде  педагогикалық  ілім  өзінің  одан 

арғы  дамуын  тапты.  Адамды  өзінің  дүниетанымының  ортасына  қоя  тұрып, 

ойшыл-гуманистер  қоғамның  моральдық  және  әлеуметтік  прогресінің  осы 

қоғам мүшелері алатын тәрбие сапасына байланысты екенін атап өтті. 

Сонымен  қатар,  ежелгі  ғасырлардан  ХҮІІ  ғ.  дейінгі  тұтас  ұзақ  мерзім 

педагогика  тарихына  ғылымға  дейінгі  педагогикалық  шығармашылықтың, 

эмпирикалық  (тәжірибеге  негізделген)  педагогикалық  практиканың  уақыты 

ретінде енді. 

Педагогика  теориялық  білімнің  дербес  саласы  ретінде  ХҮІІ  ғ.  рәсімделе 

бастады.  Осы  уақытта  қолда  бар  педагогикалық  практиканы  жақсартуға, 

тәрбие  мен  білім  берудің  шегін  және  мүмкіндіктерін  кеңейтуге  арналған 

ғылымға  деген  аса  қажеттілік  сезілді.  Педагогикаға  ғылымға  деген  сұраныс 

келесі әлеуметтік-экономикалық себептер  аясында пайда болды. ХҮІІ ғасыр 

үлкен  өзгерістер  заманы  болды,  оны  әлем  Ұлы  географиялық  жаңалықтар 

кезеңі  арқасында,  қалалардың  қарқындап  өсуі,  өмірдің  ортағасырлық 

құрылысын бұзусалдарынан басынан кешірді.  

Бұған  мәдениеттің,  ғылымның,  гүлденуін,  өнеркәсіптің  жандануын  және 

т.б.  қосыңыз.  Білім  адам  өмірінде,  барлық  қоғамдық  дамуда  ерекше  рөл 

атқара бастады. Білім беру сапасының өсуімен, көпшілік білім беру жүйесінің 

қалыптасуымен атақты ойшылдар үміттерін адамзат қоғамының прогресімен 

байланыстырды. 

Білімқұмарлар үшін 

Татар-моңғол  жаулап  алуына  байланысты  қиындықтарға  қарамастан, 

мектепте  оқыту,  Ресейде  оқу  мен  жазуға  деген  құрмет  дәстүрі  өте  күшті 

болды.  XVII  ғасырдың  бастауыш  мектебінің  дамуына  арқасында,сол  кезде 

Ресейде әсіресе, дінбасылар мен саудагерлердің арасында сауаттылық деңгейі 

жоғары  болды.  Саудагерлер  шет  тілдерін  үйреніп  жатты,  ол  үшін 

шетелдіктерді  жалдайтын.  Сауатты  дворяндардың  арасында  әйелдер  аз 

болмады.  Бастауыш  мектептер  бүкіл  ел  бойынша  жұмыс  істеді.  Мектепке 

арналған қаражат ата-аналар тарапынан берілді. Мұғалім әдетте жалғыз, ал әр 

түрлі  жастағы  балалар  көп  болды.Олардың  кейбіреулері  мұғалімнің 

басшылығымен  әріптерді  үйреніп,  ежелеп  оқыды,  ал  басқалары  сол  кезде 




40

 

жазып  жатты.  Әрбір  оқушы  оны  дайындау  деңгейіне  сәйкес  келетін 



тапсырманы  алды.  Кейбір  балалар  мектептен  кейін  үйлеріне  кетіп  жатты, 

бірақ  көптеген  ата-аналар  балаларының  мектеп  жанында  тұрғанын  пайдалы 

деп  санады.  Бай  дворяндар  мен  саудагерлер  әдетте  өз  балаларына  шетел 

тілдерінде сөйлейтін үй мұғалімдерін шақырды. 

XVII  ғасырда  Мәскеуде  Баспа  ауласымен  бірнеше  рет  басылып  шыққан 

Букварь негізгі оқулық болып саналды. Әліпбиге, грамматикалық ережелерге 

және  мінез-құлық  ережелеріне  қосымша  әліппелер  жазбаша  жазуды,  дінді 

оқыту мақалаларын, қысқша сөздіктерді қамтыды. Көптеген шапшаң жазуға 

арналған  әліппе-жазбаша  үлгілер  пайда  бола  бастады.  Оған  көптеген 

жағдайда  арифметика,  тарих,  география,  философия,  әдебиет,  мифология 

бойынша  мәліметтер  енгізілді.  Ән  айту  бастауыш  мектепте  ең  қажетті  пән 

болды:  «мусикиямен»  таныспайынша,  адам  сауатты  деп  саналмады.  Оқу 

мектептен  бітіргеннен  кейін  аяқталмады:  адам  өмір  бойы  кітаптардан 

үйренуге  тура  келді,  өйткені    «кітаптар  -  әлемді  даналықпен  толтыратын 

өзендер» еді. 

Ғылым  тарихы  –  бұл  адамдар  тарихы  және  идеялар  тарихы. 

Ғылыми  педагогиканың  қалыптасуы  чехтің  ғажайып  ойшыл-

гуманисті, педагог Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) атымен 

байланыст  айтылады.  Я.А.Коменскийдің  адамзат  алдындағы 

еңбегі  оның  педагогикалық  ой-пікірге  кейін  одан  арғы  дамуын 

тапқан түбегейлі жаңа идеяларды  әкелуімен байланысты. Олар 

қандай идеялар еді? 

Ян  Амос  Коменскийдің  педагогикасының  негізгі  идеясы  - 

бұл  пансофизм,  яғниөркениетпен  алынған  барлық  білімді 

жалпылау  және  қоғамдық-нәсілдік,  діни  көзқарастарына 

қарамастан, осы жалпыланған білімді ана тілінде мектеп арқылы 

барлық адамдарға жеткізу. 

Ұлы  гуманист  Я.А.Коменскийге оқу-тәрбие  үдерісінің  тиісті 

ұйымдастырылуымен  әрбір  бала  білім  «баспалдағының»  «ең 

жоғары» сатысына көтеріле алады деген оптимистік тұжырымы 

бар.  Білім  практикалық  өмірде  пайдалы  әкелуі  керек  деп  сене 

отырып, Я.А.Коменский нақты, жалпыға пайдалы оқыту туралы 

міндеттемені жариялады. 

Я.А.Коменскийдің еңбектерінде жалпыға ортақ білім берудің 

үйлесімді  жүйесінің  жобасы  ұсынылды,  жалпымемлекетттік 

мектеп,  мектеп  ісін  жоспарлау,  білім  беру  сатыларының 

адамның  жасына  сәйкестігі,  ана  тілінде  оқыту,  гуманитарлық 

және  ғылыми-техникалық  жалпы  білімнің  үйлесуі,  сыныптық-

сабақ жүйесі туралы мәселелері қойылды. 



41

 

Бұрынғы  ұрпақтардан  алынған  нәрселерді  негізге  алып, 



балаларды  өмірге  дайындау  тәжірибесін  талдай  отырып, 

Я.А.Коменский оқу-тәрбие үдерісінің объективті заңдылықтары 

бар  деген  қорытындыға  келді,  қысқа  мерзімді  емес,  ұзақ 

мерзімді перспективалық маңызы бар білім беру және тәрбиелеу 

ережелерін  қалыптастырды.  Өзінің  бүкіл  өмірінің  басты  кітабы 

«Ұлы  дидактикада»  (1654),  Я.А.  Коменский  оқу  үдерісінің 

теориялық  негіздерін  баяндады,  оның  үлгісімен  ЖОО-да, 

колледжде, мектепте, мектепке дейінгі мекемеде әлі күнге дейін 

білім беру үдерісі құрылады. 

Я.А.Коменскийдің 

ғылыми 

еңбектерінен 

классикалық 

педагогикалық  теорияның  қарқынды  даму  кезеңі  басталады. 

Кейінгі  педагог-классиктердің  керемет  топтамасы  (Дж.  Локк, 

Ж.Ж.Руссо,  И.Г.  Песталоцци  және  басқалар)  білім  беру  мен 

оқытудың  теориялық  мәселелерін  әзірлеуді  айтарлықтай 

жақсартты. 

Классикалық  педагогиканы  құруға  біздің  отандастарымыз 

лайықты 


үлес 

қосты: 


В.Г. 

Белинский, 

А.И.Герцен, 

Н.Г.Чернышевский, 

Н.А.Добролюбов, 

Л.Н.Толстой, 

Н.И.Пирогов.  Орыс  педагогикасына  бүкіл  әлемдік  атақты 

К.Д.Ушинский  (1824-1871)  әкелді.  Ол  тұлғаны  дамытудың 

үйлесімді 

психологиялық-педагогикалық 

тұжырымдамасын 

және  оның  негізінде  тәрбиелеу  және  білім  беру  теориясын 

құрды. 

Алдымен  жаратылыстану,  физика,  математика  саласындағы 

жетістіктерімен  ерекшеленген  XIX  ғасыр  педагогикалық 

ғылымның  дамуы  үшін  да  қолайлы  болды.  Осы  кезеңде  ол 

тәрбие  беру  мен  оқыту  үдерісінің  заңдылықтарын  түсіну  үшін 

фактілер мен құбылыстардың сипаттамасынан көтеріліп, дербес 

ғылыми пән ретінде қарқынды дамиды. 

Педагогика  ішінде  білімнің  саралануы  байқалады,  оның 

мектепке  дейінгі  педагогика  сынды  жеке  бөліктері  бөлініп, 

ерекшеленеді. 

ХІХ  ғасыр  қарқынды  әлеуметтік-саяси  өзгерістерімен 

көптеген  елдерде  педагогиканың  алдына  адамды  жаңа  қоғамда 

тәрбиелеу  мәселесін  қойды.  Оны  С.Т.Шацкий,  П.П.Блонский 

зерттеді.  Н.К.Крупскаяның  теориялық  еңбектері  (1869-1939) 

педагогикалық  мәселелердің  кең  ауқымын,  соның  ішінде, 

мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеуге  тікелей  қатысы 

барларды  да  қамтиды.  А.С.Макаренко  (1888—1939)  ілімінің 



42

 

өзегі  –  тәрбие  беретін  ұжымның  теориясы.  Макаренко,  сондай-



ақ,            отбасылық  тәрбиенің  маңызды  мәселелерін  анықтады. 

Тәрбие  беру  мен  оқытудың  адамгершілік  сипаты,  тұлғаға 

құнттап 

қарау 


– 

В.А.Сухомлинскийдің 

(1918-1970) 

педагогикалық ілімнің ой өзегі осында. 

Сонымен,  педагогиканың  ғылым  ретінде  пайда  болуы  және 

дамуы  қоғамның  жаңа  ұрпақты  материалдық  және  рухани 

құндылықтарды 

жасауға 


қатысуға 

даярлаудың 

тарихи 

тәжірибесін  зерделеп,  жалпылауға  практикалық  қажеттілігімен 

байланысты.  Қазіргі  педагогика  –  адамды  оның  дамуының 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет