С. А. Оданова, Қ. Е. Молдабаева



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата29.09.2023
өлшемі307,27 Kb.
#111695
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3830-1-7985-1-10-20220416

Ключевые слова: 
академическая письмо, веб-ресурсы, языковые шаблоны, языковые 
конструкторы, электронные учебники, информационные технологии.
Кіріспе
ХХІ 
ғасыр 
ғылымдағы 
коммуника
-
ция нысандары мен әдістеріне де, ғылыми-
педагогикалық кадрлар даярлаудың сипаты 
мен мазмұнына да өзгерістер енгізуде. Мек
-
теп оқушысынан бастап профессорға дейін 
халықаралық басылымдарда мақала жариялауға 
деген ұмтылысының күрт өсуі академиялық жа
-
зылымды қалыптастыру қажеттілігін көрсетіп 
берді. Егер әлемде ХХ ғасырда, ал көршілес ел 
– Ресей университеттерінде 2015 жылдан ба
-
стап «Академиялық жазылым» орталықтарының 
көптеп ашылуы, біздің елімізде 2020-2021 оқу 
жылынан бастап барлық жоғары оқу орын-
дарының докторантура деңгейіне осы аттас 
пәннің міндетті компонент ретінде енгізілуі 
академиялық жазылымды үйретудің қанша лық-
ты өзектілігін дәлелдеп қана қоймайды, осы 
мәселені ғылымды дамытудағы басты тренд 
ретінде айқындап, оны жетілдірудің ғылыми-
әдістемелік және АКТ мүмкіндіктерін қарастыру 
қажеттігін көрсетеді.
Осы орайда академиялық жазылым мәсе-
ле лерін зерттеп, оның жеке пән ретінде қа лып-
тасуына үлес қосып жүрген бірталай отандық 
және Ресей ғалымдарының жұмыста рына 
тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.
Материалдар және әдістер 
Зерттеу барысында біз, академиялық жазы-
лымның зерттелуі Қазақстан білім кеңістігінде 
қандай деңгейде екендігін анықтап, академиялық 


138
Академиялық жазылымның зерттелу деңгейі және электронды контент жасаудың өзекті мәселелері
жазылыммның электронды контентін жасаудағы 
өзекті мәселелері не деген сұраққа жауап 
іздейміз.
Қазіргі таңда академиялық жазылым пәні 
алыс – жақын шет елдерде бұрыннан қалып-
тасып, ғылымның бір саласы ретінде толық 
қанды зерттеліп, қолданыс тауып жүргенімен 
Қазақстанда, оның ішінде қазақ тілінде, бұл сала 
әлі де барлық қырынан ашылып, толық зерттеліс 
таппады десе де болады.
Олай дейтін себебіміз, академиялық жазы-
лымның теориясы берілгенімен, оның практи-
калық қырлары, оның ішінде академиялық жа-
зылымды web ресурстар арқылы оқытудың 
жолдары әлі де болса зерттеуді қажет етеді, 
және де академиялық жазылымның электрон
-
ды контентін жасаудың әдіс – тәсілдері мен 
бағыттарын анықтау әлі де шешімін таппаған 
мәселе десе болады.
Б. Гриннің тұжырымдамасы бойынша ака-
демиялық сауаттылықтың үш өлшемі бар және 
олар өзара байланысты, өзара тәуелді бола тұра, 
білімді тілдің, мағынаның бір парадигмасына 
шоғырландырып қана қоймай, академиялық 
сауаттылықты мәтіндік қызметтің әлеуметтік 
функциясының алдыңғы қатарына шығарады. 
Академиялық мәтін құру үшін оның белгілі 
бір білім саласына қолданылатын әдістері 
мен технологияларынан, талқыланып жатқан 
өзекті мәселелерінен хабардар болу жеткілікті 
емес, сонымен қатар белсенді түрде ат салысу, 
білімді жаңартуда және академиялық дискурсты 
енгізуде тың әдіс-тәсілдер енгізу қажет (Green 
B., Beavis C., 2012 : 248).
Жоғарыда сипатталған мәселелерді шешу 
мақсатында ұйымдастырылған зерттеу жұмысы 
академиялық жазылымның ғылым саласын
-
да алатын орнын, академиялық жазылымның 
отан дық және шет елдік ғалымдардың еңбек-
те рінде зерттелу жайын зерделу мақсатында 
атқарылатын зерттеу түрлері библиографиямен 
жұмыс, бакалавр деңгейінде ғылыми жұмыс-
тардың құрылымдық және стильдік ерекше-
лік терін айқындау (жазуға және рәсімдеуге 
қойылатын негізгі талаптар, эссе, ҒЖЗ , ғылыми 
жоба, стартап жоба, әлеуметтік, ғылыми баян
-
дама, дипломдық жұмыс), академиялық жазы-
лымның магистратура және докторантура дең-
гейлеріндегі құрылымдық және стильдік ерек-
шеліктерін анықтау (ғылыми негіздеме, ғылыми 
жоба, ғылыми мақала, әлеуметтік жобалар, 
диссертациялық жұмыстар), ғылыми стильдегі 
жазылым түрлерін модельдеу (академиялық жа
-
зылым бойынша модельдер және шаблондар) 
сияқты кезеңдерден тұрады.
Академиялық дискурстың ерекшеліктері 
мен теориялық моделін және басқа да маңызды 
мәселелерді зерделеу үшін аналитикалық зерт
-
теу әдістерінің жүйесі (модельдеу, сараптау, ке
-
сте, графика) қолданылады. Мысалы, кестелік 
талдау әдісі деректерді тексеру және алдын 
ала бағалау, маңызды мәселелерді сұрыптау 
және одан әрі қарай егжей-тегжейлі зерттеу 
мақсатында маңызды ақпаратты айқындау үшін 
пайдаланылады. Академиялық стильдің түрлері 
мен жанрлық ерекшеліктері негізінде жасалатын 
лингвистикалық шаблондарды игеру нәтижесін 
анықтау үшін математикалық модельдеу, ал
-
горитм әдістері қолданылады. Зерттеу бары
-
сында анализ – синтез әдістерін қолдана оты
-
рып, ғылыми басылымдардың жалпы мақала 
жариялау талаптары зерделеніп, осы талаптар 
арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар 
сараланады. Еліміздің оқу орындарында дип-
лом дық жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы, 
ғылыми жобаның жазылу ерекшеліктеріне, 
талап тарына салыстыра отырып сараптама жа
-
сау үшін структуралық және салыстырмалық 
әдіс қолданады. Библиографиялық зерттеу 
әдісі ұсынылып отырған мақалаға арқау болып 
отырған академиялық жазылымның отанымыз-
дағы, алыс – жақын шет елдердегі даму бары-
сын, зерттелу деңгейін анықтау мақсатында 
қолда нылады.
Зерттеудің нәтижесінде академиялық жазы-
лымның әлемдік және Қазақстанның білім 
беру кеңістігіндегі түсінігі, зерттелуі, қолданыс 
деңгейі сараланып, академиялық дискурстың 
ерекшеліктері мен теориялық моделі зерделенеді, 
академиялық стильдің түрлері мен жанрлық 
ерекшеліктерін ескере отырып, лингвистикалық 
шаблондар жасалады, академиялық жазылым
-
ды оқытудың деңгейлік сипатын анықтап, әр 
деңгейге қойылатын талаптар мен бағалау 
өлшемдерін ұсыну; мектеп оқушылары мен ба
-
калаврлар, магистранттар мен докторанттарға 
қойылатын академиялық жазылым талаптары 
айқындалады, арнайы мәтіндерді құрастыру, ре
-
дакциялау және рәсімдеуге үйрететін оңтайлы 
технологиялар мен басылым таңдау, хат жазы
-
су және жариялауға дейінгі үздіксіз процесті 
меңгерту жолдары айқындалады, академиялық 
жазылымға қатысты web-ресурстарды жинақ-
талып, әлемдік ғаламтор кеңістігіндегі акаде мия-
лық жазылымға қатысты сұрыпталған материал
-
дарды жинақталып, сол арқылы қазақстандық 


139
Академиялық жазылымның зерттелу деңгейі және электронды контент жасаудың өзекті мәселелері
академиялық қауымдастыққа енетін жастарға 
ғылыми-әдістемелік зерттеу жүргізудің әдістерін 
үйрететін алаң ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет