С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет61/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

(лотос қалпында)
медитация 
қолданылады. Осымен қатар, парадокстарды қамтитын зерделі ойларды 
шешу практикасы бар: міндеттің мазмҧны және оны аса зор ауыртпалықпен 
қалай да болса шешуге талпыну санада ештеңенің қалмауына әкеп соғады. 
Мақсаттың мәні мен оның жауабы кенеттен табылады. 


63 
Дзенге дҥниежҥзілік ӛзара қарым-қатынасты білдіретін 
«барлығы- 
бірінде, бірі - барлығында»
формуласы лайықты. Сондықтан да, Будда 
әрбір адамда ӛмір сҥреді. Дзен нирвана мен сансара, ӛмір мен ӛлім, шындық 
пен жалғандық, білім мен надандық арасындағы шекараны жоққа шығара 
отырып, әрбір тҧлғаның оған қатысты шығармашылық энергиясын жҥзеге 
асыруға талпынысын демдеді. Осы себептен аскетизмнің кез-келген тҥрі 
жоққа шығарылады: адамзат тілектерін жоюдың қажеті жоқ, керісінше, 
білім мен басқа да рухани мақсаттарды тануға бағыттау және игілендіру 
қажет.
Дзен басқа ерекшеліктердің арасында келесілерді бӛліп қарастырады: 
білім қҧпиясының ҧстаздан шәкіртке «тікелей» берілуі, жҥректен жҥрекке; 
әр адамда ӛмір сҥретін Будданың жоғары даналығымен тікелей байланысу;
әріптерден, сӛздерден, сӛйлемдерден қҧралған жазбаша дереккӛздерден 
тәуелсіз және еркін болу; ӛзінің ішкі дҥниесі арқылы Буддамен теңдікке 
жету. 
Дзен осы дінді қабылдаған қоғам мәдениеттерінің кӛптеген 
салаларына зор әсерін тигізді. Мысалы, атақты жапондық икебана мен шай 
ішу рәсімі, бау-бақша егу мен су айдындарының қҧрылысы – бҧлар тек 
мәдениеттің бӛлшегі ғана емес, сонымен қатар, ӛмір сҥру салтының 
маңызды элементіне айналған. Дзен идеяларының арқасында кӛптеген 
ғажайып сурет салу, сәулет ӛнері, поэзия, музыка, философия және т.б. 
шығармалары туындады.
Дзен жақтаушыларының саны 10-30 миллион адамға дейін жетеді.
Буддизмнің таралуы. 
Буддизм адептерінің белсенді миссионерлік 
әрекеттері б.з.д. 253 ж. ҥшінші буддистік жиыннан кейін басталды. Халық 
арасында от пен семсер арқылы танытқан христиандық және ислам 
діндерімен салыстырғанда, буддизм ӛз әрекеттерін және ҧстанымдарын 
ешқашан да зорлықтың кҥшімен нығайтпаған. Буддистер ӛзінің жалпы 
тарихта ӛмір сҥру кезеңінде кез-келген діни жҥйелер арқылы бейбітшілік 
жолмен қарым-қатынас орната білді.
Буддизм алғашқы кезеңнен бастап кедейлер мен байлардың, 
билеушілер мен қызмет етушілердің және жалпыға ортақ дін болды. Ол 
ӛзінің ҥлгісін жергілікті дәстҥрлерге ықпалдастыра отырып, сәттілікпен 
бейімделе бастады. Білімді насихаттау жергілікті тілде жҥргізілді. Буддизм 
ешбір жағдайда басқа діндердің қҧдайларынан бас тартпаған – олардың 
барлығы буддистік тәңірлердің кең пантеонына кіреді және оларға табыну 
қалыпты жағдай саналады. Бҧл жерде Христосқа да, Мҧхаммедке де орын 
табылды.
Егер буддизмнің Ҥндістаннан «шығуын» хронологиялық ретпен 
қарастыратын болсақ, онда келесідей жҥйені аламыз: б.з.д. III ғ– Шри-
Ланка; б.з. I ғ– Орта, Орталық және Алдыңғы Азия, Қытай. II-IX ғғ. – Лаос, 
Кампучия, Вьетнам, Таиланд, Мьянма; IV ғ. – Корея; VI ғ. – Жапония; VIIғ. 
– Тибет. XIII - XVI ғғ. – Моңғолия; XVII-XVIII ғғ. – Бурятия, Тува; XIX-XX 
ғғ. – Еуропа, Америка, Африка. 
Буддистік тәңірлердің иерархиясы баяу және бірітіндеп қалыптасты.


64 
Қазіргі заманда ол мынандай сипаттамаларды қамтиды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет