1534 жыл, Швейцария. Протестанттардың екінші ҧрпақтарының
кӛсемі Жан Кальвин Женевада христиан дінінің тарихында маңызды рольге
ие болған шіркеудің негізін салды. Жаңа бағыттың атауы негізін
салушының есімімен –
кальвинизм деп аталды.
Ж. Кальвиннің
басшылығымен Женева реформаланған шіркеудің моделі болды, оның
ҥлгісі бойынша басқа да реформалық шіркеулер қалыптасқан.
Ж. Кальвиннің дін ілімінде тағдыр туралы идея басты орынға ие, ол
арқылы адам тағдыры Қҧдаймен шешілген және ешбір рақымшылдың еш
нәрсені ӛзгертуге мҥмкіндігі жоқ.
Ж. Кальвин ӛзінің рухани кең мҧрасында (57 томдық) христиандық
теория мен кҥнделікті ӛмірдің барлық аспектілерін толық және егжей-
тегжейлі баяндаған. Оның идеялары қысқаша былай тҥсіндіріледі:
- қҧдай толық егеменді, Оны ешбір дҧғамен немесе жақсы істермен
мейірімдендіруге болмайды, Ол адамдардың тағдырын алдын-ала
белгілейді: біреуді – қҧтқарады, біреуді - ӛлімге жазады;
- адам Адамның кінәсін мҧра етеді және ӛзін-ӛзі қҧтқару ҥшін
ешқандай әрекет жасай алмайды – оның еркі толық азғындыққа салынған;
- Иисус Христос крест азабын барлық адамдар ҥшін кӛрген жоқ, тек
Қҧдайдың сҥйген қҧлдары ҥшін азап шеккен;
- Қҧдайдың сҥйген және сҥймеген қҧлдары Жер бетіндегі
материалды, адамгершілік және рухани байлықтарына байланысты
айқындалады;
- Қҧдай шіркеу мен мемлекетті адамдардың игілігі ҥшін қҧрған және
олар бір-біріне христиан дінін тарату ҥшін, адамдарды Библияның
адамгершілік туралы заңдарын негізге ала отырып, тәрбиелеу мақсатында
кӛмектесулері қажет;
- шіркеуде қызметкерлер функцияларының нақты дифференциациясы
белгіленуі қажет: пасторлар тәртіпті сақтап, уағыздауы, оқытушылар –
дінге оқытулары, диакондар – қайырымдылық жҧмысын басқаруы,
пресвиторлар – қҧдайға қҧлшылық ету мен адамгершілік қасиеттерін
қадағалауы және қажет болған жағдайда оны бҧзышуларды соттап
жазалауы, оларды шіркеу мҥшелігінен алып тастап, ӛлім жазасына дейін
кесулері қажет.
Басқа мемлекеттерде кальвинизм басқаша атаулармен танымал
болды: Францияда Кальвиннің кейбір ізбасарлары