4. Қажылық (қажылыққа бару). Ислам әр адамның таза еңбекпен
тапқан ақшасына бір рет болса да Меккеге қажыллыққа баруға шақырады.
Қажылық – сыпайылық ҥшін баратын жол емес, саяхат емес, ӛте кҥрделі
діни салттық жора. Әйел адам қажылыққа тек туысқаны, яғни, ер адаммен
бірге баруы тиіс. Мусульмандар Меккедегі мешітте оқылатын дҧға басқа
мешітте оқылатын 100 мың дҧғадан артық деген сенімде – сондықтан да,
әркім қажылыққа баруды армандайды.
Қажылыққа бару келесі адамдар категориясына рҧқсат етіледі: тек
мҧсылмандар ҥшін, психиялық жағынан сау, ерікті (қҧлдар емес) кәмелеттік
жасқа толғандарға, қаржы қатынастарында мҧқтаж емес адамдарға.
Қатаң белгіленген жерге жеткенде қажылыққа келгендер арнайы ақ
киімдерді (ихрам) киеді және осы кезден қажылық басталады.
Ихрамды киген кезде қажыға тыйым салынатын әрекеттер: шашты
қию, жыныстық қатынасқа тҥсу, сҥйісу, тырнақ қию, бас киім кию
(ерлерге), әтір себу, тыйым салынған киімді кию.
Қажылық кезіндегі діни әрекеттер толық және жете белгіленген.
Қажылық – бҥкіл дҥниежҥзі мҧсылмандарының сан миллиондаған ерекше
форумы, мҧсылмандық бауырластық пен ынтымақтастықтың символы.
Қажылыққа барған адам
«қажы» қҧрмет атағын иеленеді және жасыл тҥсті
сәлде орап, мҧсылман салттарын орындауға қҧқығы болады.
Меккеден кері қайтар жолда діндарлар Мҧхаммед пайғамбардың,
оның қызы Фатиманың, оның әйелі Айшаның, пайғамбар мен басқа
әулиелердің ӛлімінен кейін мҧсылман қауымдастығы басшыларының мәйіті
жерленген Медина қаласына барады.
Ең маңызды
«ислам тармақтары» (намаз, ораза, зекет және
қажылық) толық дінге сенушіліктің мына формуласына сенуді талап етеді:
«Алладан басқа Тәңір жоқ және Мұхаммед оның елшісі». Алладан басқа
тәңірлерге сену кҥнә, ҥлкен кҥнә болып табылады. Алла – мҧсылмандардың
жалғыз тірегі. Оның барлық әрекеттері Алла ҥшін істелуі қажет. Мҧхаммед
Пайғамбар қҧдірет кҥші емес, ол адам, Алланың қҧлы, оған табынуға
болмайды, тек оның уағыздары бойынша ӛмір сҥру қажет. Пайғамбардың
есімін қҧрметтемеу немесе оны балағаттау, оның сӛздері мен істеріне
сыйластықпен қарамау қатаң жазаланды - ӛлім жазасына дейін кесілді.
Ислам Мҧхаммедке дейін ӛмір сҥрген Алланың барлық елшілеріне бір
мезгілде соңғы Пайғамбардың есіміне баса назар аудара отырып, қҧрмет
кӛрсетуге шақырады.
Мҧсылманның Исламды қорғау сияқты міндетін айта кеткен жӛн.
Осындай қорғаныстың бӛлігі
джихад – ислам жауларына қарсы қасиетті
соғыс болып табылады. Дҥниежҥзінің барлық мҧсылмандары кез-келген
ислам мемлекетіне жасалған шабуылдан зардап шеккендерге кӛмек
кӛрсетуге міндетті. Джихадтан бас тарту исламды сату дегенді білдіреді.
90
Джихад тҥсінігі мҧсылманның ӛзінің жаман ойларымен, әрекеттері
мен тілектерімен іштей кҥресу, ислам принциптері бойынша ӛзін-ӛзі
адамгершілік жағынан жетілдіру дегенді білдіреді.