«тазалық батырлары» басқа исламдық емес, діни нанымдар мен
философия ӛкілдеріне қастандықты немесе теріс тҥсінікті сезінбейді.
Олардың ілімінен кӛріпкелдік пен интуицияны, оккультизм мен
спиритизмді, теософияны, шабыт пен йоганы – жалпы адамның «Мен»
деген ӛзін-ӛзі жетілдіру қасиетін ашатындардың барлығын табуға болады.
Сопылық бауырластықтың мҥшесі болу қиынға соғады, ӛйткені, әрбір
басшы (муршид) ӛзіне ғана сәйкес шәкіртті іздейді. Бҧл жерде оқыту мен
сабақтың арасында ешқандай сәйкестік болмайды: әркіммен жеке жҧмыс
жҥргізіледі, бҧл кезде шәкірт пен Ҧстаздың арасында толық тҥсінушілік
болуы қажет. Біреулер ҧзақ ҧсынылады, ал кӛпшілігі – осы іске ӛзін бҥкіл
ғҧмыр бойы арнайды. Мысалы, тек ойға шомудың (медитация) ӛзі жеті
тҥрді қамтиды: тәнді басқару ҥшін, ойды басқару ҥшін, жанды тазарту ҥшін,
ақылды тазарту ҥшін, рух тазалығына жақындау ҥшін, таза абстракцияға
тҥсу ҥшін және толық «Мен» дегенді жойып, қҧдаймен бірігу ҥшін.
Сопылық тек ислам әлемінде ғана жан-жақты таралмаған. Сопылар
кӛптеген ақындық және музыкалық шығармалардың авторлары болып
табылады. Сопылардың қҧпия бауырластықтары қазіргі таңға дейін тек
рухани-кӛркемдік ғана емес, сонымен қатар, дҥниенің саяси аясына да
ықпал етуде.
Мұсылман мейрамдары мен әдет-ғұрыптары. Мейрамдар мен
салттар – кез-келген діннің қҧрама бӛлігі. Олар кез-келген діннің
догматтарынан бастау алады және оның сыртқы сипаты болып табылады.
Кей кезде діни мейрамдарға қазіргі заман мейрамдарына қатысы жоқ ислам
дініне дейін пайда болған наурыз (навруз) мейрамы сияқты мейрамдар
жатқызылады.
Жалпымҧсылмандық мейрамдарға келесілер жатады.
1. Құрбан-байрам (Ид-аль-адха) – қҧрбандыққа шалу мейрамы. Ораза
айынан соң 70 кҥннен кейін тойланады және ҥш-тӛрт кҥн бойы жалғасады.
Бҧл мейрам қажылықтың аяқталуымен сәйкес келеді.
Қҧрбандыққа шалудың негізі болып мағынасы жағынан жақын
қҧранның және библияның сюжеттері табылады. Оның мәні – Ибрахимнің
(Авраам) Қҧдайдан ӛз ҧлы Ысмайылды (Исаак) қҧрбандыққа шалуға рҧқсат
алуы болып табылады. Ата-анасы қҧрбандыққа ҧлын шалғалы жатқанда,
Қҧдай Періште арқылы кісі ӛлтірушінің қолын тартып, қҧрбандыққа мал
шалуды талап етті – соңынан бҧл іс орындалды. Осылайша, бҧл мейрам
қҧдіретті және мейірімді Қҧдайдың символына айналды, сонымен қатар,
шынайы мҧсылманның барлық талаптарды орындау мейрамы болды.
Жануарлар (қой, ешкі, бҧқа және тҥйе) мейрамға дейін
бордақыланады және қатаң рәсім бойынша ӛлтіріледі. Ӛлтіру ҥшін әдетте
ең ірі және ауруы жоқ мал таңдалады, ӛйткені, ислам іліміне сәйкес бҧл
малдың арқасында ӛлген адам тозақтың кӛпірімен жҧмаққа жол тартады.
Ислам қағидалары бойынша қой немесе ешкі бір адамның немесе бір шағын
отбасының атынан шалынады, ал сиыр мен тҥйе жеті адам немесе жеті
отбасының атынан шалынады. Малдардың терілері әдетте мешітке
тапсырылады, еті пісіріліп, желінеді. Бҧл кҥндері барлық кедейлер мен аш
98
адамдарды тойдыру қажет. Әрбір мҧсылман отбасында Қҧрбан-байрам кҥні
қонақжайлылық пен кеңпейілділік ҧялайды.