С. Б. Оразова Г. Ж. Уəлиханова «биотехнология негіздері: Өсімдіктер биотехнологиясы»


Жасушаларды қорландырып (мерзімді) өсіру



Pdf көрінісі
бет206/217
Дата31.12.2021
өлшемі2,87 Mb.
#21818
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   217
Жасушаларды қорландырып (мерзімді) өсіру  (ор. накопительное 
(периодическое) культивирование, ағ. accumulation (batch) cell cultivation) 
–  жасушалар  суспензиясын  жабық  ыдыста  бастапқы  құйылған  қоректік 
ортасы жаңартылмай өсіру.  
Жасушаларды үзіліссіз өсіру – (ор. непрерывное культивирование, 
ағ. continuous-flow cell cultivation) – жасушаларды сұйық қоректік ортаның 
үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру. 
Жасушаларды  ағынды  жабық  жүйеде  өсіру  (ор.  закрытая  про-
точная система культивирования, ағ. closed continuous-flow cell cultivation) 
–  жасушалар  өсетін  сұйық  орта  үздіксіз  жаңа  қоректік  ортамен  қамта-
масыз  етіліп  тұрады,  сұйық  ортаның  кіріп  құйылу  қарқыны  мен  оның 
төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады. 
Жасушаларды  ағынды-ағынсыз  жүйеде  өсіру  – (ор.  полупро-
точная  система  культивирования  клеток,  ағ. continuous half-flow cell 
cultivation) ‒ сұйық қоректік ортада өскен жасушалар суспензиясының бір 
бөлігі оқтын-оқтын алынып тұрады, оның орнына нақ сондай мөлшерде 
жаңа қоректік орта құйылып тұрады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   217




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет