С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет146/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   162
Оңтүстік Нигерия мемлекеттері. Оңтүстік Нигерия мемле-
кеттері бірінші болып еуропалықтардың құл саудасына тартыл-
ды. Бұл іске араласу олардың экономикасы мен саясатына елеулі 
өзгерістер енгізді. Оны осы аудандағы ірі мемлекет — Ойоның мы-
салынан көруге болады.
ХVІІ ғасырдың ортасына қарай Ойо мемлекетінің билігі Нигер 
өзенінен Анечоға /Ломенің шығысында/ дейінгі бүкіл оңтүстік 
Нигерияға жайылды. Құл саудасына тартылу үкіметті үлкен ар-
мия ұстауға, көршілермен құл алу үшін үздіксіз соғыс жүргізуге 
мəжбүр етті. Бұл соғыстар тек Ойоның ғана емес, оған тəуелді 
мемлекеттердің де экономикасын күйзелтті. Орталық үкімет билігі 
əлсіреді. Ойоның солтүстіктегі иелігінде қауіпті жау-фульбе тайпа-
сы күшейді.
Негізін эдо халқы құрайтын Бенин патшалығы Оңтүстік 
Нигериядағы  ежелгі  мемлекеттердің  бірі  болды.  Оның  құрылу 
уақыты белгісіз. XII ғасырдың ортасына дейін жергілікті əулет 
басқарды. Агефа патша өлген соң билеуші топ діни көсемнен ақыл-
кеңес сұрады. Ол Эвек дегенді патшалыққа ұсынды. Бенин осы 
маңдағы елдердің ішінде ең бірінші болып еуропалықтармен ара-
ласа бастады


362
363
1484 жылы Бенинге Португалдық д’Авейро келді. Ол мұнда оқ-
дəрімен атылатын қару əкелді. Ол кезде Бенин патшасы Окпама 
еді.  Оның  баласы  Эзигие  португал  тілін  меңгерді,  Португалияға 
католик дінімен танысуға миссия жіберді. Португалдық монахтар 
тəрбиесінде болған Орхогба патша /1540/ католик дінін қабылдады. 
Бенин құл саудасына тартылып, одан тек зардап шекті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет