С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет154/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162
ҚОРЫТЫНДЫ
Ортағасырлық  Азия  жəне  Африка  елдеріндегі  феодалдық 
қатынастардың дамып жетілуінің өзіне тəн біраз ерекшеліктері болды. 
Ол елдерде қауым ұзақ уақыт бойы сақталды. Мемлекеттің орталық 
аймағындағы отырықшы халық арасында тайпалық қауымдар орын 
алса, шеткі аймақтарда көшпенділер тайпалары өмір сүре берді. 
Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы бірнеше жүз жылдарға со-
зылды. Оның барысында көршілік қауымға өтетін кездегі түрі — 
үлкен отбасылық жəне патронимиялық құрылым қалыптасты.
Қауымдық құрылымның тұрақтылығы, оның нормаларының 
заңдастырылуы шаруалардың мүліктік жəне əлеуметтік жіктелуін 
кешеуілдетті, жеке тұлғалардың ұжымнан бөлініп шығуын те-
жеп отырды. Сөйтіп, шығыс феодализмін біраз уақыт тоқырауға 
ұшыратты.
XVI—XVIII ғасырларда Азия жəне Африка елдерінің көпшілігінде 
тек қауымдық жер иеленудің ыдырауының элементтерін ғана 
байқауға болады. Бұл үрдіс, əсіресе XII—XVI ғасырларда мемле-
кеттік жерлердегі үлестік қауымның ыдырауы орын алған 
Жапонияда ертерек байқалды. Жекеменшік жер иеліктеріндегі 
қауымдар өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланды, ал 
шаруаларға салынатын салық мөлшері төмен болды. Бұл жағдай 
Жапониядағы жеке шаруа меншігінің қалыптасуының, феодалдық 
аграрлық жүйенің дағдарысының əрі алғы шарты, əрі көрсеткіші 
болды.
Патриархалдық қатынастардың қалдықтарының күштілігі мен 
жеке тұлғалардың құқтарының арасындағы алшақтыққа қарама-
стан, соңғысы орта ғасырлардың аяғына дейін қауымның ұжымдық 
кұқтарымен шектеулі күйінде қалды. Қауым мүшесінің өзіне тиісті 
жерін сату үшін ұжымның рұқсаты керек болды. Ең алдымен сол 
қауым мүшесінің ғана сатып алу құқы болды, қауым ішінен ондай 
адам табылмаса ғана бөгде адамға сатуға рұқсат берілді.
Көршілік қауымдардың өзін-өзі басқаруының автономиялығы 
оларды шаруалардың феодалданып жатқан элементтерге, жекелеген 
ұсақ  жəне  орташа  феодалдарға  əлеуметтік  қарсылық  көрсету  кұра-
лына айналдырды. Мұндай жағдайда егін шаруашылығынан түсетін 
артық өнімді жинап алып отыру үшін орталықтандырылған күшті 
əскери-əкімшілік билік қажет болды. Мемлекет қауымды қазына 
табысының қайнар көзі ретінде пайдалана отырып, оның сақталуына 
мүдделі болды, оның нығаюына қолдау көрсетіп отырды.
Сөйтіп, ортағасырлық шығыстың өзіне тəн бір ерекшелігі 
өкіметтің жеке меншікке қарсы тұруы болды. Жеке меншік иесінің 
шектен тыс байып кетуі мемлекет үшін қауіпті деп саналды. Қоғам 
мүшелерінің санасында ең алдымен мемлекет мүддесін ойлау, 
өкіметке күмəнсіз бағыныштылық сезімі қалыптастырылды. Ең 
бастысы — мемлекет, оның өкіметі, ал жеке тұлғалар мен олардың 
меншігі — екінші орындағы құндылық деген қағида басшылыққа 
алынды. Сол қағиданың нəтижесінде жеке меншіктік мемлекеттің 
бақталасы болудан қалып, оның алдындағы тəуелді қызметкеріне 
айналды. Мемлекеттік меншіктің жеке меншіктік жер иелігінен ба-
сым болуы — Азия жəне Африка елдеріндегі феодализмге тəн сипат 
болды.
Мемлекет — ұжымдық қанаушы, ұланғайыр меншік иесі болды. 
Ол ауыл шаруашылығындағы, қолөнеріндегі артық өнімнің негізгі 
бөлігін иемдене отырып, орталықтандырылған тəртіп бойынша 
билеуші таптың өкілдеріне өзі бөліп беріп отырды.
Азия мен Африка елдерінің арасында мемлекеттік меншік, 
əсіресе Кытайда айқын көрініс тапты. Таяу Шығыста мемлекеттік 
меншік Осман империясында кең қанат жайды. Шаруашылықты, 
оның ішінде ең алдымен сауда мен қолөнерін мемлекет өз қолында 
ұстады.
Азия мен Африка елдерінің ішінде ерекше орын алған мемлекет 
Жапония  болды.  Ол  елде  ерте  орта  ғасырларда  (VІІ—ХІ)  қызметі 
үшін үлестіріліп берген жер үлестері кейін мұрагерлікпен пайдала-
натын иелікке айналды.
Мемлекеттік меншіктің үстем болуы Азия-Африка елдерінде 
феодалдық қатынастар болды ма деген сұрақ туғызады. Бұл 
сұраққа тарих: иə, шығыста мемлекеттік феодализм болды деп жау-
ап береді. Батыста жеке құқықтық феодализм болса, Русьте Шығыс 
пен Батыс феодализмдерінің жиынтығы орын алды. Азия-Африка 
елдеріндегі жеке меншіктік XVI ғасырда басталған отарлау кезінде 
де мемлекеттік меншікті жоя алмады.
Мемлекеттік феодалдық меншіктің үстем болуына байланысты 
билеуші таптың жоғарғы баспалдағында қызметтегі ақсүйектер 
тұрды.  Шыққан  тегі  ғана  ақсүйек  болып,  мемлекеттік  қызмет 
атқармаған өкілдері қоғамдағы беделі мен ықпалы жағынан төменгі 
баспалдақта тұрды. Шығыста мемлекеттік биліктің озбырлық 
түрі  үстемдік  құрды.  Оған  Жапониядан  басқа  елдерде  көбінесе 
жат жерліктердің (арабтар, түріктер, моңғолдар, маньчжурлар) 
билік құруы да себеп болды. Жат жерліктер өздері басып алған 


378
379
саяси  жəне  əлеуметтік  жеңістерін  тек  озбырлық  билікпен  ғана 
ұстап тұра алатын еді. Ал орталықтандырылған күшті озбырлық 
билікті нығайтуға бағытталған саясаттың құрамдас бір бөлігі — 
мемлекеттік меншікті нығайтып, жеке меншіктікті шектеуге, же-
келеген феодалдардың күшейіп кетуіне жол бермеуге бағытталған 
шаралар болды.
Орта ғасырлардағы əлемді дүр сілкіндірген күштің бірі көш-
пенділер болды. Көптен бері өмір сүріп келе жатқан мемлекеттердің 
шет жақтарындағы көшпенділер орталықтың ықпалында бола 
тұрып, өздері де феодалдық үрдістерге, феодалдық формацияның 
ішкі ортасына əсерін тигізіп отырды. XI ғасырдағы селжук 
түріктерінің, XIII ғасырдағы моңғолдардың қуатты миграция-
лары бір жағынан феодалдық бытыраң-қылықты тоқтатып, 
қуатты орталықтандырылған мемлекеттік биліктің орнауына 
əкеліп соқса, екінші жағынан мəдени орталықтардағы өндіргіш 
күштерді кұлдыратты, егіншілік аймақтардың қысқарып, мал 
шаруашылығының басым болуына əкеліп соқты. Көптеген шығыс 
елдерінде халық санының өсімі төмендеп кетті.
Көшпенділер жаулап алушылықтары мен миграциялары 
шығыс қоғамының бəріне бірдей əсер ете қойған жоқ. Олардың 
ықпалынан Жанония мүлдем тыс қалды. Егер феодализм генезисі 
кезінде көшпенділердің отырықшы халыққа орнатқан билігі қоғам 
үшін тиімді болып, феодалдану үрдісін тездетуге үлес қосса, кейін 
керісінше, ол процеске тежеу бола бастады.
Азия, Африка елдерінде кұлдық сақталды, бірақ құлдар 
шаруашылықта шешуші рөл атқармады, негізінен үйде малайлар 
ретінде пайдаланылды. Құл иеленушіліктің сақталуына ірі жаулап 
алушылықтар, жеңілген елдердің халықтарын қуып əкету себеп бо-
лып отырды. Құлдық ерте орта ғасырларда кеңірек орын алғаны-
мен, ол дамыған феодализм кезінде бұрынғы маңыздылығынан 
біржолата айырыла бастады. VІІІ—ХІ ғасырларда Жапониядағы 
кұлдар оның барлық халқының 10—15 %-н кұрады. 
Азия мен Африкадағы феодалдық қоғамның маңызды бір бөлігі 
— сол қоғамның өзіне тəн белгілерін бейнелеген орта ғасырлық қала 
болды. Еуропалық қалалар сияқты, шығыстық қалалардың дамуы 
да өндіргіш күштердің жəне феодалдық əлеуметтік-экономикалық 
қатынастардың даму дəрежесімен тығыз байланысты болып, сол 
қатынастарды бейнелеп отырды. Шығыс елдеріндегі қалалар 
қатарының шұғыл өсуі Х—ХІІ ғасырларда байқалды. Бұл кезде 
қалалардағы өнеркəсіп қарқынды дамып, орта ғасырлық мəдениет 
өркендеді.
Халықтың қалаларда шоғырлануы жағынан Шығыс бұл кез-
де  Батыстан  едəуір  алда  болды.  XVIII  ғасырдың  аяғына  қарай 
шығыс елдерінің қалаларында халықтың 10—15 % тұрып жатты 
деген болжам бар. Ал ол кезде 10 мыңнан астам адамы бар еуропа 
қалаларында халықтың 1 %-н 7 %-ке дейінгі бөлігі тұрып жатты. 
Тіпті шығыс қалаларының еуропа қалаларына қарағанда аграрлық 
қатынастармен байланысы əлдеқайда аз болды.
Шығыс қалаларында феодалдар көптеп тұрып жатты. Шығыс 
қалалары феодалдық биліктің орталығы болды, сондықтан да 
олардың автономиялық құқтары шектеулі болды. Олар феодализмнің 
берік қамалы рөлін атқарды. Шығыстың қалалары антифеодалдық 
оппозицияның орталығына айнала алмады. Азия мен Африка 
қалалары өзінің тарихи миссиясын орындай алмады: олар ауылды 
тауар-ақша қатынасына тарта алмады.
Шығыс қалаларында азық-түлік рыногы жақсы дамыды. Ол даму 
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді толық болмаса да біраз жан-
дандырып отырды. Сол себепті шаруалардың артық өнім өндіруге 
деген ынтасы төмен болды. Сөйтіп феодалдар мен феодалдық 
мемлекеттің қалаға қысымшылығы жəне феодалдық қанаудың 
ауыртпалығы шаруа шаруашылығын ақша-тауар қатынасына тар-
туды қиындатты, ауылды қауымның ішінде ғана қолөнері мен 
егіншілікке бөлінген, өзімен-өзі экономикалық оқшауланып қалған 
шағын бірлестікке айналдырды.
Осының бəрі Азия мен Африка елдеріндегі феодалдық 
құрылымның баяу дамуының факторлары болды. Бұл елдер-
де де, Еуропа елдеріндегідей, феодалдық қатынастардың дамып
жетілуін екі кезеңге бөлуге болады. Біздің заманымыздың алғашқы 
ғасырлары феодализмнің генезисі, яғни өтпелі кезең болды. VII 
ғасырдан  ІХ—Х ғасырларға дейін шығыс қоғамы ерте феодалдық 
қатынастарды бастан өткізді. Феодалдық жер иеленудің басты түрі 
еуропалық манор сияқты ұсақ феодалдық меншік болды.
Феодализмнің гүлденуінің басталуы деп əдетте моңғолдар 
дəуіріне дейінгі кезең, яғни Х(ХІ) — XII ғасырлар саналады. Бұл 
кезге қарай негізгі феодалдық рента өндірушілер натуралды рента 
төлейтін қауымдық шаруалар мен жерлерінен айырылып қалған 
жалгерлер  болды.  Еңбекпен  өтеу  аз  мөлшерде  ғана  сақталды. 
Рентаның бұл түрі негізінен мемелекет пайдасына атқарылатын 
міндеткерліктер ретінде сақталды.
Феодалдық қоғамның жетілгендігінің көрсеткіші қалалардың 
гүлденуі болып саналады. Орта ғасырлық мəдениеттің үлкен 


380
381
жетістіктері қалалардың өз дамуының шыңына жеткендігін 
дəлелдейді. Олардың онан əрі дамуы, жетілген феодалдық қоғамның 
басқа да көптеген экономикалық жəне əлеуметтік элементтерінікі 
сияқты, моңғол-татар жаулап алушылықтарына байланысты тоқтап 
қалды.
Ортағасырлық шығыс елдерінің өзіне тəн ерекшелігінің бірі — 
діннің мемлекеттік деңгейге көтерілуі болды. Феодализм генезисі 
кезінде шығыста ең жаңа, ең соңғы халықаралық дін — ислам өмірге 
келді. Ол мемелекеттік билікті де өз қолына шоғырландырды. Ислам 
дінінің билігі əділетті болғандықтан ол тез арада көптеген елдерде 
орнады. Ислам дінін ұстаушылар Индияда күшті мемелекет құрды. 
Ислам дінінің, мемлекетінің басшылары IX ғасырға қарай алғашқы 
адал да əділетті жолдан ауытқи бастаған кезде шығыс мемелекеттері 
де əлсірей бастады.
Орта ғасырлардың аяғына қарай ислам дініне жан-тəнімен 
берілген түріктер күшті Осман империясын құрып, бұрынғы араб 
халифатының иеліктеріне билігін орнатты. Сөйтіп ислам діні 
əлеуметтік топтардың ынтымағын нығайта отырып, өз ықпалындағы 
мемлекеттердің əлемдік өркениеттегі беделін көтеріп, рөлін артты-
ра түсті.
Орта ғасырлардағы Шығыс өркениетінің гүлдене түсуіне 
транзиттік сауда өз үлесін қосты. XV ғасырдың ортасында түріктер 
Батыс пен Шығыстың арасындағы сауда жолын шектеген соң ол 
жол теңіздерге ауысып, өз ауқымын бұрынғыдан бетер кеңейте 
түсті. Теңіз саудасының арқасында ислам діні Африка мен Оңтүстік 
Шығыс Азия елдеріне таралып, даму жағынан артта қалған 
халықтарды əлемдік өркениет шеңберіне тартты.
Сөйтіп, орта ғасырлардағы Азия мен Африка мемлекеттері фео-
дализм теориясын байытып, əлемдік өркениеттің онан əрі дамып, 
жетіле түсуіне өзіндік зор үлестерін қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет