С. Ж. Бахтиярова



Pdf көрінісі
бет3/125
Дата18.10.2023
өлшемі4,53 Mb.
#118227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



І. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНА ШОЛУ 
 
1.1.
 
Жеңіл атлетиканың тарихи дамуы 
 
Жеңіл атлетика сияқты тарихи бай спорттың тҥрін табу қиын. 
Жҥгіру, секіру және лақтыру адам баласының еңбегіне және кҥн 
кӛрісіне қажетті болғандықтан адам баласымен бірге дҥниеге келген. 
Жеңіл атлетикалық жаттығулар барлық халықтардың бірінші 
ойындары, қызықты шаралары, сонан кейін жарыстарына айналды. 
Археологиялық қазбаларға қарағанда табылған суреттерден Азия 
және Африка халықтарының арасында жеңіл атлетикадан жарыс 
болды деген ҧғымға келуге болады. Ежелгі Египетте және Таяу 
Шығыс елдерінде жылдам жҥгіру ӛнері пайда бола бастады. 
Ежелгі Грецияда жеңіл атлетика спорты жақсы дамыды. Сол 
кездегі кӛп соғыстар кҥшті және епті адамдарды тәрбиелеуді талап 
етті. Сондықтан осы елде спорттық жарыстар жақсы дамыды. 
Жарыстар сол елдің дәстҥрі бойынша жҥргізілді. Сол замандарда 
жарыс тек ҧзын-сонар алаңда жҥгіру жарысымен шектелген. Ерлер 
мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке ӛткізілген. Гректер 
жҧдырық тҥйістіретін спорт тҥрі мен кҥресті ауыр атлетикаға 
жатқызған. Бҧрынғы атлеттердің жетістігі жҥгіру шапшаңдығымен 
ӛлшенген. Бізге алғашқы Олимпиада чемпиондардың Ежелгі 
Грекиядан шыққаны белгілі.
Афинада тәрбие жҥйесі ерте қҧрылды, дене тәрбиелеу мәдениеті 
мен қатар ғылым және ӛнер жақсы дамыды. Балалар бір уақытта 
грамматикалық, музыкалық, гимнастикалық мектептерге қатысты. 
Жалпы гимназиялық мектептерде тәрбиелеу 6 жастан басталды. 
Гимназияда дене жаттығуларына кӛп кӛңіл бӛлінді. Сондықтан 
Афинада жан-жақты дененің дамуына ҥлкен алаң ашты. Гректер 
жақсы дайындалған Олимпиадалық ойындарға қалай жарысу керек 
екендігін білген және жақсы кӛрді. Гректердің спортпен айналысуы 
соның ішінде жеңіл атлетикамен архетиктуралық, скульптурлық және 
әдебиеттік ескерткіштерден кӛрініп тҧрды. Соңғы ғасырларда біздің 
эраға дейін Олимпиадалық ойындарға спортшылар мен кәсіпқойлар 
қатысты.
Бірінші Олимпиада біздің эрамызға дейінгі 776 жылы болған. 
Соның бағдарламасында бір стадионнан екінші стадионға дейін 
жҥгіру болып (192,27 метр), бҧл арақашықтықты дромас деп атады. 
XIV Олимпиада ойындарында екі рет жҥгіру сол арақашықтықты 
драулос деп атады. Ал кейін ҧзын арақашықтыққа жҥгіру 24 стадия 
доликас деп аталды.



Ал, жеңіл атлетика жарыстары алғаш рет Англияда 
1865 жылы Лондон атлетика клубы қҧрылды. Бҧның негізінде 
тҧңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты ӛтті. 
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде 
әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 
жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол 
жылдары Америкада атлетиканың дамуына ҥлес қосқандардың басым 
бӛлігі университет ошақтары болды.
1880-1890 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт тҥрі ретінде 
кҥллі Еуропаға кең таралды. 
1896 жылы ӛткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың 
дамуына орасан жол ашты. Сол жылы Афинада ӛткен І олимпиада 
ойындарына жеңіл атлетиканың 12 тҥрі енгізілді. Додада америкалық 
жеңіл атлеттер барлық жҥлдені қанжығаларына байлады. Алайда, 
олардың қуанышы ҧзаққа бармады. Ӛйткені, 1952 жылдан бастап 
олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың 
бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада ӛткен олимпиада ойындарында ӛнер 
кӛрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет