С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім



бет31/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   231
Қорлау (130-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі - адамдардың ар-намысы, қадір-қаиеті, беделі.


Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам.Объективтік жағынан қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту арқылы жүзеге асырылады.Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілерінің бірі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту болып табылады.
Кемсітудің тәсілі сан алуан болуы мүмкін ауызша, жазбаша, әрекет арқылы. Әдепсіз түрде кемсітуге моральға, адамгершілікке жатпайтын әдепсіз сөздермен, жаман, теріс қимылдар көрсетумен немесе бетіне түкірумен, ұрумен, балағат сөздермен тілдеу сияқты әрекеттер жатады. Мұндай қорлау әрекеттері нақты адам немесе бір топ адамға қатысты орын алуы мүмкін.Қылмыс құрамы формальдық, ол жәбірленушіні қорлайтын әрекеттер орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам бөтен адамның ар-намысын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетінін сезеді және оны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам.Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау- осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады. (130-баптың 2-тармағы). Қылмыстың ауырлататын бұл түрлерінің мазмұны жала жабу (129-бап) құрамының ауырлататын түріне ұқсас.
Жыныстық қылмыстар

Жыныстық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі өте зор және ол кең өріс алған қылмыстардың бірі. Оның қоғамға қауіптілігі сол мұндай қылмыстарды істеу азаматтардың заң қорғайтын жыныстық бостандығына және жыныстық бостандығына қол сұғылмаушылыққа қасақана қол сұғу арқылы, оларға моральдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан зиян келтіре отырып, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зор қатер туғызады. Бұл тұрғыда қылмыстардың топтық объектісі жеке тұлғалардың жыныстық бостандығын, жыныстық бостандыққа қол сұғушылықты реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі-жыныстық бостандықтың, жыныстық бостандыққа қол сұғушылықтың жекелеген салалары болып табылады. Объективтік жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстардың барлығы белсенді әрекет арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық құрылысы жөнінен бұл қылмыстар (зорлаудың ауырлататын түрінен басқалары) формальдық құрамға жатады. Субъективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.Қылмыстың субъектісі-нақты қылмыс құрамының ерекшеліктеріне байланысты 14, 16,18-ге толған кез келген ер немесе әйел жынысты адамдар болады. Зорлаудың субъектісі тек ер жынысты адам болады. Енді осы топқа кіретін жекелеген құрамдарға талдау жасайық.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет