С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім



бет28/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   231
Адамды ұрлау (125-бап)

Адамды оның еркінен тыс жағдайда заңсыз, қасақана басып алып оған иелік етіп, ұрлаушылардың билігінде ұстаудың адам ұрлау деп айтамыз.


Қылмыстың тікелей объектісі-адамның жеке бостандығы, қосымша тікелей объект-жәбірленушінің өмірі, денсаулығы, меншігі. Қылмыстың жәбірленушісі-жасына, денсаулық жағдайына, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына қарамастан ұрланған адам. Өз баласын басқа ата-анасынан, туыстарынан ұрлап алып кету бұл қылмыстың құрамына жатпайды. Қылмыс объективтік жағынан мына әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асыру арқылы көрініс табады: тірі адамды оның еркінен тыс жағдайда жасырып, ашық түрде немесе алдау жолымен қолға түсіру, оны тұрғылықты мекен-жайынан немесе уақытша тұрып жатқан жерінен басқа жерге апару; ұрланған адамды бас бостандығынан айырып ұстау. Қылмыс адамды оның еркінен тыс жағдайда қолға түсірген уақыттан бастап аяқталған деп танылады, қылмыс формальдық құрамға жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.
Бас бостандығынан заңсыз айыру (126-бап)

Бұл құрам Қылмыстық кодекстің 125-бабында көрсетілген қылмысқа ұқсас. Одан айырмашылығы адам өзі тұратын жерден басқа жерге ауыстырылмайды, оған өлтіремін немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту арқылы еркін жүріп-тұруға шек қойылады, егер бұл талапты орындамаса оған ескертілген зиянның келтірілуі есіне салынады.Қылмыстың тікелей объектісі-адамның жеке басының бостандығы, қосымша тікелей объектісі-адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Объективтік жағынан қылмыс адамды, оны ұрлауға байланысты емес жағдайда бас бостандығынан айырумен сипатталады.Яғни жәбірленушінің еркін- қалауынша жүріп-тұруына тыйым салынады немесе оны бір тұрғын жайға жауып қояды не байлап, қорқытып зорлықпен ұстайды, өз тілегі бойынша адамдармен кездесу мүмкіндігінен айырылады. Қылмыстың жасалу тәсілі жәбірленушіні күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып қорқыту болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық. Адам бас бостандығынан заңсыз айырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Заңсыз бас бостандығынан айыру мерзімі қылмысты саралауға әсер етпейді. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі: қызғаныш, кек алу, бұзақылық т.с.с. болуы мүмкін.Қылмыстың субъектісі-16-ға толған жай адам.Лауаазым адамдарының мұндай әрекеттері Қылмыстық кодекстің тиісті басқа баптары бойынша саралануға жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет