Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы



бет21/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
1 -15 сабақтар МБФ 2018

Сыртқы құлақ. Құлақтың сыртқы бөлігі құлақ қалқанынан(1), есту жолыннан(2) тұрады. Сыртқы құлақтағы есту жолы дабыл жарғағымен(3) аяқталады, кейде оны құлақ пердесі деп атайды.
Құлақ қалқаны қабылданған дыбыс толқынын есту саңлауына бағыттайды және есту жолындағы қабылданған дыбыс толқынының дабыл жарғанына түсіретін қысымын 3 есе артырады. Ол сонымен қатар, дыбыстың қай бағыттан келгендігін анықтауға мүмкіндік береді. Құлақ қалқанының екеу болуында үлкен мән жатыр, осы арқылы біз кеңістіктегі дыбыс көзінің орналасқан орнын дәл анықтаймыз. Құлақтың мұндай қабілетін дыбыс көзі горизонталь жазықта орналасқан жағдайда бинауральдық құбылыс негізінде түсіндіруге болады. Мысалы, дыбыс көзі 1 нүктеде, адам бетіне қарсы нүктеде орналасқан делік (5- сурет). Сонда дыбыс көзінен тараған, екі құлақ қалқанына жеткен дыбыс толқындары бірдей қашықтықты (жолды) жүріп өтеді, яғни олар үшін жол айырмашылығы =0 және фаза айырмашылығы =0 нөлге тең болғандықтан екі құлақ қалқанына жеткен дыбыс толқындарының фазалары мен интенсивтіліктері бірдей болады.
Егер дыбыс көзі 2 нүктеде орналасқан болса, онда, дыбыс көзінен тараған толқын екі түрлі қашықтықты жүріп өткендіктен оң және сол құлақ қалқанына екі түрлі мезгілде жетеді, соның нәтижесінде құлаққа жеткен дыбыс толқындарының фазалары екі түрлі болады, мұндай өзгешелікті құлақ сезеді. Екіншіден, оң және сол құлақ интенсивтіліктері бір бірінен 1 дБ өзгеше болатын дыбысты ажырата алады. Олай болса, оң және сол құлаққа жеткен дыбыс толқындары екі түрлі қашықтықты жүріп өткендіктен, олардың интенсивтілігінде аз да болса өзгешелік болады, осы жағдай кеңістіктегі дыбыс көзін дәл анықтауға мүмкінік береді.


5- сурет.


Есту қабілеті қалыпты жағдайдағы адам құлағы фазалық айырмашылығы =60 тең болатын екі толқын көзін бір бірінен ажырата алады, яғни бұл құлақ кеңістікте бір бірінен 30 айырмашылықтағы жақтан екі толқын көзін дәл анықтай алады деген сөз.


Сыртқы құлақтың тағы бір маңызды қызметі ол дабыл жарғағын механикалық зақымдалудан сақтайды, сонымен қатар оның температурасын, ылғалдылығын, серпімділігін т.б. механикалық қасиеттерін тұрақты күйде болын қамтамасыз етеді.
Сыртқы құлақтағы есту жолы түтік тәрізді болып келеді, оның биіктігі h=9 мм, ені l = 6,5 мм, ал ұзындығы L= 2,5-3,5 см тең. Оны бір жағы ашық, келесі жағы дабыл жарғағымен жабылған түтік тәрізді жүйе деп қарастыруға болады(6- сурет).
Есту түтігі арқылы тараған дыбыс толқыны дабыл жарғағынан аздап шағылады. Шағылған және есту түтігі арқылы тараған дыбыс толқындары бір бірімен әрекеттеседі, яғни есту түтік ішінде интерференция құбылысы орын алады, нәтижесінде тұрғын толқын пайда болып, акустикалық резонанс байқалады.


6-сурет. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың шартты түрдегі сызбасы.


Оның резонастық жиілігі f = v/4L өрнегімен анықталынады, мұндағы f- дыбыс жиілігі, v =330 м/с дыбыстың ауада таралу жылдамдығы, L= 2,5 см есту жолының (түтік) ұзындығы. Сонда есту жолы үшін резонастық жиілік f = v/4L = (330 м/с)/410 см = 3430 Гц тең болады. Бұл адам құлағының ең жоғары есту сезімталдығына сәйке келетін жиілік, яғни есту жолы осындай жиіліктегі дыбыстардың амплитудасын азайтпай, ортаңғы құлаққа жеткізеді. Жалпы резонастық жиілік ер адам үшін 4 кГц аймағында жатыр, ал әйел үшін 6 кГц.


Дыбыс толқыны сыртқы құлақта есту жолындағы ауа арқылы тараса, ортаңғы құлақта дыбыс толқыны балғаша, төстікше және үзеңгі деп аталатан дыбыстық сүйектер жүйесі арқылы тарайды, ал ішкі құлақ жеткен дыбыс толқыны оны толтырып тұрған сұйықтық арқылы тарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет