Қаңқа бұлшық еттері жұп және тақ болып сүйектерге жабысып тұрады. Олар ұзын цилиндрлік жасушалардан тұрады, олар сызылған сызықтарға ұқсайды, көптеген ядроларға ие және сана бақылауында болады . Қаңқа бұлшық еттері бірнеше қабат болып жатады. Әрбір бұлшық еттің ортасын-денесі, ал екі шетін сіңірі дейді. Бұлшық ет құрамының 75% су және 25% тығыз заттан (белок, май, көмірсу, тұздардан) тұрады. Бұлшық ет майда миофибриялардан (ет талшықтары) түзілген. Олар ядродан және сыртын қаптап жатқан сарколемма деген қапшықшасы болады.
Миофибриялар бірігіп, жеке жиырыла алатын бұлшық ет бөліктерін құрайды. Олардың әрқайсысы дәнекер тканінен тұратын кілегей қабықшасымен қапталған. Ересек адамдардың қаңқасындағы бұлшық еттердің орта есеппен алған мөлшері жалпы 70% дене салмағының 43%-на тура келеді де, қанқа бұлшық еттері 30 кг құрайды. Бұлшық еттің негізгі қызметінің бірі — тетіктік (механикалық) жұмыс. Тыныштық күйде бұл бұлшық еттер энергияның 18% ғана пайдаланады, ал ағзадағы энергияның 25% ғана жұмысқа жұмсалады. Яғни, бұл процесті пайдалы әсер коэффиценті деп атайды. Қалған энергия (75%) денеге жылу ретінде таралады. Мұндай қаңқалық бұлшықеттердің төмен тиімділігі кемшіліктер деп атауға болмайды - бұл бұлшық еттер дене үшін жылудың сенімді және тұрақты көзі болып табылады.
Егер бұлшық ет жиырылған кезде дене бір орыннан екінші орынға ауысатын болса, онда қозғалыс немесе динамикалық, ал бұлшық ет жиырылған кезде дене қимылсыз қалса, онда қозғалтпайтын немесе статикалық жұмыс деп аталады. Денедегі әр түрлі бұлшық еттер әрқилы жұмыс істеуге бейімделген. Бұлшық еттің күші оны құрайтын талшықтардың санына, яғни оның көлденең қимасының ауданына пропорционал.
Жүрек бұлшықеті - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.
Бұл лекцияда біз тек қаңқа бұлшықеттерін қарастырамыз, өйткені физиология барысында басқа бұлшықеттер құрылымы толығырақ қарастырылады.