Есепті шығару үлгілері:
Қан арқылы өткен жарық интенсивтілігінің 3 есе кемуі үшін оның қалыңдығы қандай болуы керек. қанның натураль жұту көрсеткіші 0,836 см-1 тең. есептеу жолын көрсет.
Шешуі: Жарықтың жұтылуын сипатайтын Бурген заңын мына түрде жазайық: ln (i0/i) = kl , мұнан l=ln(3)/k = 1,1/0,836 = 1,3 см. жауабы: l = 1.3 cм.
Ертіндінің өткізу коэффициенті τ = 0,3 тең. Осы ертіндінінң оптикалық тығыздығын анықта.
Шешуі: Өткізу коэффициенті мынаған тең: t=Іd/І0. Осы өрнекті пайдаланып ертіндінінң оптикалық тығыздығын жазамыз: D=lg(1/t) = lg 3,33 = 0,5. Жауабы:D = 0.5
10 сабақ. Люминесценция. Фотобиолгиялық процесстар және фотохимиялық реакциялар
Сабақ жоспары
Люминесценция, оның түрлері
Фотолюменесценция механизмі
Люменесценция спектрі. Стокс заңы.
Хемилюминесценция.
Люминесценцияны медицина мен биологияда қолдану.
Фотобиологиялық процестер және фотохимиялық
реакциялар.
Фотобиологиялық процестердің кезеңдері
Фотосенсиблизаторлар, оларды медицинада қолдану.
Сабақ мақсаты: Люминесценция, хемилюменесценция құбылыстармен танысу және олардың жүру механизмін қарастыру. Жарықтың әсерінен жүретін фотобиологиялық құбылыстарды талдау. Бұл құбылыстарды медицинда қолданумен танысу.
Жарық шығару себебі жылулық құбылысқа жатпайтын, кез келген температурада байқалатын жарық түрін люминесценция деп атайды. Көру аймағында жататын жылулық жарықтар 103 -104 К температудан басталады. Сол себепті люминесценция жарығын «суық жарық» деп те атайды. Люминесценция жарығының пайда болу себептерінің бірі ретінде, дене молекуласын қоздыратын сыртқы жарық көзінің әсерін атайды. Мұндай жарық көздеріне көрінетін сәуле, ультракүлгін сәулесі, рентген т.б. сәулелер жатады. Денеге әсер етуші сәуле өз әсерін тоқтатқан мезгілде люминесценция құбылысы бірден тоқтамайды, ол біраз уақыт сәулененуін жалғастыра береді, люминесценция құбылысын сәуленің шағылуы мен шашыру құбылысынан ерекшелелігі осында.
Жұтылған энергиясын люминесценттік жарық шығаруға жұмсайтын заттарды люминофорлар деп атайды. Кристалл атомдарының, молекулаларының қозығу нәтижесінде кванттық орын ауыстыруы дененің люминестенттік жарық шығаруының басты себебі. Дене атомдарын, молекулаларын қоздыру себептеріне байланысты люминесценция мынадай түрлерге бөлінеді:
Фотолюминесценция- жарық (көрінетін сәуленің қысқа аймағы, УК сәуле) әсерінен атомдардың қозуы нәтижесінде пайда болады;
Рентгенолюминесценция- рентген және гамма сәулелері әсерінен атомдардың қозуы нәтижесінде пайда болады (рентген аппаратының экраны, радиация индикаторлары);
Катодолюминесценция- электрондар ағыны әсерінен атомдардың қозуы нәтижесінде пайда болады (кинескоп, осциллограф, монитор);
Электролюминесценция- электр өрісі әсерінен атомдардың қозуы кезінде пайда болады(электр разрядымен газ молеккласын қоздыру-газ разрядты лампа);
Хемилюминесценция- химиялық реакция әсерінен молекулалардың қозуы кезінде пайда болады;
Биолюминесценция - биохимиялық реакциялар әсерінен биологиялық жүйенің қозуы кезінде пайда болады;
Сонолюминесценция - ультрадыбыс әсерінен атомдардың қозу кезінде пайда болады.
Жоғарыда атап өткендей, люминесценция құбылысы сыртқы әсер тоқталса да жалғаса береді, қалдық сәулелену ұзақтығына байланысты люминесценция: флуоресценция және фосфоресценция деген түрлерге бөлінеді:
Флуоресценцияда қалдық сәулелену ұзақтығы 10-9 – 10-8 с.
Фосфоресценцияда сәулелену ұзақтығы 10-4 – 104 с.
Достарыңызбен бөлісу: |