Сабақ. Биологиялық мембранының ҚҰрылысы және оның Қызметі. ЖАСАНДЫ Биологиялық мембрана. Сабақ жоспары Биологиялық физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы



бет37/53
Дата16.12.2022
өлшемі11,48 Mb.
#57647
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Байланысты:
1 -15 сабақтар МБФ 2018

Микроанализ- УК-сәулесін шығаратын шам арқылы люминесценциялық микронысандарды арнайы люминесцентті микроскоптың көмегімен зерттеу.
Флуоресцентті зондтар. Кейбір медициналық зерттеулерде арнайы люминофорлар тікелей ағзаға, тінге ендіріледі. Мұндай люминофорларды флуоресцентных зондтар деп атайды. Мысалы, мұндай люминофор ерітіндісін қанға енгізгенде ол барлық организмге тарайды және тері және эпидермисте арқылы диффизияланады.
Флуоресцентнік белгілер. Флуоресцентті молекулаларын белгілі бір молекулалармен ковалентно байланыстыруға және содан кейін осы жүйені зерттелетін нысанға енгізуге болады. Мұндай молекулалар флуоресцентті белгілер деп аталады. Мысал ретінде флуоресцентті антиденелер пайдалануды атауға болады. Егер мұндай антиденелерді суспензия түрдегі жасушаға қосса, онда олар тек бетінде орналасқан ерекше антигендері бар антиденелермен байланысады. Белгілі бір жасушалар клондарының люминесценциясы пайда болады, ол люминесцентті микроскопта байқалады. Бұл әдістеме қанның иммундық зерттеулерінде пайдаланылады.


Фотобиологиялық процестер мен
фотохимилялық реакциялар
Биологиялық жүйлерде жарықтың жұтылуы, сол жүйелерде ерекеше фотохимиялық реакциялар жүруімен қабаттасып келеді, өз кезегінде бұл реакциялар фотобиологиялық процестердің басы болуы мүмкін. Фотобиологиялық реакциялар деп – биологиялық жүйенің молекулалары жарық квантын жұтуымен басталып, ағза немесе ұлпаның сәйкес жауап беру реакциясымен аяқталатын құбылысты атайды. Фотобиологиялық процесстерге мыналар жатады:

  • Фотосинтез - күн сәулесі энергиясының әсерінен органикалық молекулардың синтезделуі;

  • фототаксис- күн сәулесіне немесе оған қарсы жаққа қарай тірі жәндіктің (мысалы, бактериялар) қозғалуы;

  • фототропизм- сәулеге немесе оған қарсы бағытқа қарай жапырақтың, шөп діңгегінің бұрылуы;

  • фотопериодизм- тірі жәндіке «жарық-қараңғы» циклымен әсер ету арқылы оның сөткелік және жылдық циклын реттеу;

  • көру- көзге түскен жарық энергиясын нерв импульсіне айналуы;

  • тері күйінің жарық әсерінен өзгеруі: эритема, эдема, күнге күй, пигментация, терінің күйуі, тері рагы;

Барлық фотобиологиялық процестер мына ретпен жүреді:

  • жарық квантын жұту;

  • жарық квантын жұтқан молекуланың қозуы;

  • бірінші реттік фотохимиялық реакциялар нәтижесінде пайда болған заттардың жарықсыз химиялық реакцияларға түсуі;

  • екінші реттік химиялық реакциялар;

  • ұлпа немесе ағзаның физиологиялық жауабы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет