(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы. Оқылым Сөздерді буындап, тұтастай оқу.
Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (сау – асау, су асу, лас – аласа)
сөздің соңына (сал сала, суар суару) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы
өзгеретінін түсіну.
Берілген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді сурет көмегімен табу.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып,
«бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан
«асау», «асу», «аласа» сөздерінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.
Оқушылар берілген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді сурет көмегімен табады: лас – таза; аласа – биік.
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
(МК, Ұ) Оқылым 1. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрау және түсініп оқу.
1. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрайды және түсініп оқиды: Анау – ат. Ат асау. Алан, ат суар.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды:
«жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!».