1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;
1.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес; мағынасы қарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу
Сабақтың мақсаты:
Мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын, айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздерді ажыратады. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады.
Бағалау критерийлері:
Сөз және оның мағынасын түсінеді.
Бірнеше мағынасы бар сөздерді бір бөлек,мәндес сөздерді бір бөлек жазуды үйренеді.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту,,есте сақтау арқылы жазады.
Психологиялық дайындық – Ал, балалар, сабақты бастамас бұрын өзімізге сәттілік тілейік. Барлығы бірге:
Қуан, шаттан! Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін. Баршаңызға Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
«Картошка фри» ойыны Өткен сабақтан алған білімдерін еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап береді:
-Әріп дегеніміз не?
–Дыбыс дегеніміз не?
–Дыбыстар нешеге бөлінеді?
–Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
–Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
–Сөз неден құралпады?
–Сөйлем неден құралады?
-Сөйлеу не үшін керек?
-Сөйлем неден құралады?
-Сөз дегеніміз не?
-Сөз қандай мағына береді?
-Батыр сөзіне мағынасы қарсы сөз?
-Ақылды сөзіне мағынасы қарсы сөз?
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды.
«Ойна да , ойлан» әдісі жұмбақ шешу арқылы топқа бөлу.
Қоңыр мамық шапаны,
Жұқа жарғақ табаны.
Өр кеудесі қайқаңдап,
Жүретін кім байпаңдап? (Қаз)
Көк жүзінде жылжып жай,
Керуен құрған түзіліп,
Ілгек - ілгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзіліп. (Тырна)
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі. (Қарлығаш)
1-топ қаздар 2-топ тырналар 3-топ қарлығаштар