(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
А) Сөздік жұмысы.
Ауызсу, үнемдеу, тиімді пайдалану.
Ә) Суретпен жұмыс:
Негеш пен Эврика фотосуреттерден коллаж жасады. Барлық фотосуреттердегі ортақ белгіні тап. Ойлан. Коллажды қалай атауға болады? Су не үшін қажет?
Б) Зерттеу:
-Қандай су пайдалануға жарамды?
-Оны қайдан кездестіре аламыз?
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бер.
Сергіту сәтінде «Жаяу» әніне билейді
(Т, Д) 2-тапсырмада «Бізде бір ой бар...» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
А) Зерттеу.
Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады?
Ә) Ойлан.
Ғаламшарымыздағы барлық су жоғалып кетсе не болады? Оның алдын алу үшін не істеу керек?
Б) Мәтінмен жұмыс.
|
-Сөздікті жаттайды.
-Сұрақтарға жауап береді.
Фотосуреттердегі ортақ белгіні табады.
- Фотоколлажға ат береді.
- Судың қажеттілігін анықтайды.
- Пайдалануға жарамды су көздерін атайды.
Әнге қосылып, билейді.
-Сұраққа жауап береді.
-Мәтінді оқиды.
|
Дескриптор:
Сөздікті жаттайды-1балл.
Фотосуреттердегі ортақ белгіні табады-1балл.
- Фотоколлажға ат береді-1балл.
- Судың қажеттілігін анықтайды-1балл.
- Пайдалануға жарамды су көздерін атайды-1балл.
Дескриптор:
- Суды үнемдеп пайдалану жолдарын атайды -3балл.
- Ғаламшардағы барлық су жоғалып кетсе не болатынын болжайды, алдын алу шараларын қарастырады-1балл.
|