Сабақ және оның құрылымы


Жұмсақ ойыншықтарды жасау технологиясы



бет20/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74
Жұмсақ ойыншықтарды жасау технологиясы
Жұмсақ ойыншықтар — іші сабанмен, мақтамен және т.б. заттармен толтырылған ойыншық жануарлар немесе қуыршақтар. Бұрынғы кезде жұмсақ ойыншықтар ауланған аңдардың терісінен жасалған.
Технология жақсы дамыған қазіргі заманда жұмсақ ойыншықтар көбіне синтетикалық материалдардан (синтефон, паралон, т.б.), мақтадан немесе соған ұқсас материалдардан жасалады. Сондықтан да бұл ойыншықтар "жұмсақ" деген ат берілген.
Алғаш рет Германиядағы "Штайф" компаниясы шығарған жұмсақ қонжық- XX ғасыр мен XXI ғасырдың басындағы ең танымал жұмсақ ойыншықтардың бірі. Батыс Еуропа мен Америкада бұл ойыншық "тедди" деген атпен белгілі. "Тедди" аюы бүлдіршіндер арасында өте танымал. Ол балалардың көңіл күйін жақсы көтереді. Сол сияқты, Шүберек Энни есімді иірілген жіптен жасалған жирен шашты, қызыл ала байпақ киген, иілгіш қуыршақ- қыз балалардың сүйікті ойыншығы.
Жұмсақ ойыншық жасау технологиясын балаларға үйрету жолдары төмендегідей:
1. Жұмсақ ойыншық жасаудың технологиялық реттілігі мен еңбек тәсілдерін оқып үйрену. 2. Шығармашылық ойлауын, эстетикалық талғамын, материалды, құрал-саймандарды, аспаптарды таңдауда дербестігін дамыту.
3. Дербестікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, орындаған жұмысқа жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жұмсақ ойыншықтарды жасауға арналған материалдар, құралдар, құрылғылар: былғары, үлбір, маталар, бау, жіп, қайшы, ине, бор, ПВА желім.
Жұмсақ ойыншықтарды тігу үшін төмендегі заттар қажет:
мата, тері, былғары, тағы басқа жұмсақ материал қалдықтары;
фурнитура – түймелер, ілгектер, моншақтар немесе жұмсақ ойыншықтың көздерін, мұрнын жасау үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар;
инелер, өлшемі жұмсақ ойыншықтың көлеміне байланысты: ойыншық неғұрлым көлемді болса, ине де соғұрлым үлкен болуы тиіс;
тігін қайшысы мен оймақ;
біз, кемпірауыз, сым, картон – ойыншық каркасын жасауға және фурнитураны монтаждауға арналады;
арнайы бор, сызғыш, метр, ойыншықтың пішінін дұрыс жасау үшін көшірме қағаз;
үтік, тігудің алдында әр бөлшекті жақсылап үтіктеу үшін;
тігін машинасы мен жіптер;
қосымша материалдар, мысалы, мақта, синтепон, поролон.
Жұмсақ ойыншықтарды дайындау әдістері:
1) пішуден тігуге дейін барлығын қолмен жасау;
2) маманданған журналдар мен сайттардың кеңестері мен дайын үлгілерінің көмегіне жүгініп, бар нәрселерден ойыншық тігу;
3) жұмсақ ойыншықтар тігу үшін дүкеннен арнайы материалдар жиынтығын сатып алу – онда мата, дайын үлгілер, ойыншық ішін толтыратын арнайы материалдар, фурнитура мен тігуге қатысты нұсқаулар, кейде құралдар да болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет