Сабақ және оның құрылымы


Көркем еңбек сабақтарында жобалық қызметті ұйымдастыру -



бет28/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74
Байланысты:
Жалпы қағаз туралыыыыыыыыыыыыы

Көркем еңбек сабақтарында жобалық қызметті ұйымдастыру - Оқушыларға сұрақ қоя білуді және жауап бере білуді, жаңалықтар аша білуді және іздену процесіне қуануды үйретуге бағытталған оқу процесін қалай құруға болады? Бұл жерде маған көмек ретінде технологияның сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тәсілдері, шығармашылық жобамен жұмыс барысында қолданатын элементтер келеді. «Жоба» сөзі (латынның projectus сөзінен алынған) «қимыл жоспары», «ниет», «ұсыныс» дегенді білдіреді. Жоба – болжалды кемшіліксіз бейненің немесе болатын нысанның прототипі. Оқудың шығармашылық жобасы барысында өзі қалыптастырған және бұйымды дайындауды ойдан іске асырған, субъективті немесе объективті жаңашыл қабілеті бар және мұғаліммен кеңесе отырып, жұмысын бақылау барысында орындай білу деп түсіну. Шығармашылық жоба әдісінің негізінде оқушылардың танымдық қабілеттері, шығармашылық ойлау, өздігінен құрай білу, ақпараттық кеңістікке бейімделе білу, сыни тұрғыдан ойлай білу қабілеттері жатыр. Жобалардың тәсілдерін қолдануда оқу барысының әр кезеңіндегі мектептегі білімді игеру барысында оқушылар білімді және білуді интегралдауға мүмкіндік алады. Жоба – бұл “бес П”: Проблема. Жобалау (жоспарлау). Ақпаратарды іздеу. Мұғалім шығармашылық жобамен жұмыс істеу барысында жалпы: – оқушыларға қажетті ақпаратты табуға көмектеседі; – ақпарат көзі болып өзі табылады; – барлық үдерісті үйлестіреді; – оқушыларды көтермелейді; – оқушылардың жобалармен тиімді жұмыс жасауы үшін қайта байланысты ұдайы қолдап отырады. Оқушылардың жоба тәсілдері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру барысында мен оқушылардың жекелеген оқыту түрлерін ғана емес, сондай-ақ топтық жұмыс түрлерін де қолданамын. Топтық жұмысқа қатысушыларды іскери бағытпен, қарым-қатынаспен, сыныптастарын жақсы қырынан тану, өзін солармен салыстыру, өзіндік бағалау шеңберін ұлғайту жағымен қызықтырады. Сонымен қатар, топтық жұмыс оқушылардың қызығушылық бойынша бірігуіне мүмкіндік береді. Тапсырманы белгілі мерзімде орындауға тәрбиелейді, өйткені осыдан бүкіл ұжым жұмысының жемісін көруге болады. Көркем еңбек сабақтарында түрлі материалдарда өңдеу тәсілдерін ғана қолданып қоймаймыз, сондай-ақ аяқталған көркем бейнелерді жасаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет