Сабақ жоспары Бөлім: Таным қуанышы



бет5/6
Дата16.05.2022
өлшемі1,22 Mb.
#34607
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дана 9 сынып 1 сабақ

5. Шығармашы-лық жұмыс



Мұғалім шығармашылық тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіріп береді.

Сабағымыздың келесі кезеңі шығармашылық жұмысқа арналады. Бұл тапсырмалар өздеріңіз сабақтан алған білім-біліктеріңізді іс жүзіне асыруға арналған. Тапсырмаларды орындау сіздерді шығармашылық істерге, ізденістерге баулиды. Берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырып бойынша түсініктеріңізді кеңейтесіздер. Осылайша, өз бойларыңыздағы адами қасиеттерді іс жүзінде көрсете алуға мүмкіндік аласыздар.
1-тапсырма. Қанатты өздердi оқып, барлығына ортақ түйінді ойды анықтап, өз пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

Фалес: «Ең қиын іс – өзіңді-өзің тану, ең оңай іс – басқаға ақыл айту».

И. Гете: «Өзіңді қалай танып білуге болады? Тіпті де құр түйсінумен емес, тек қана іс-әрекет арқылы. Өзіңнің борышыңды орындап көрсең болды, өзіңді тани кетесің».

Н. Байғанин: «Тауды биік демеңдер, талаптансаң шығарсың. Жауды мықты демеңдер, ерлік қылсаң жығарсың».

М. Горький: «Мен армандағыш, ізденгіш, жаны тыным таппайтын кісілерді ұнатамын. Ал дегеніне жетісімен тоқтай қалған адамның мен үшін ешқандай қызығы жоқ».

Л. Фейербах: «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады».

Б. Момышұлы: «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады».
2-тапсырма. Cөздер шоғырын мұқият қарап шығып, оларды мағынасына қарай орнын тауып қойсаңыздар, ұлы Абайдың қанатты сөзін оқуға болады. Айтылған ойды одан әрі өрбітіп, бүгінгі өмірмен байланыстырып, әңгімелеп беріңіздер.

Қорытынды: Ұлы ойшылдар мен ақын-жазушылардың ой түйіндері бүгінгі күні қаншалықты өзекті екендігіне көзіміз жетті деп ойлаймын.




Оқушылар тапсырмаларын орындап, сыныпқа таныстырады.

Баяу музыка https://www.youtube.com/watch?v=mUQaPm0KJ9g

9-сынып


Өзін-өзі тану оқулығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет