Ұйымдастыру кезеңі(1 мин)
1.Жағымды көңіл күй (1-3 мин)
|
Мұғалім оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
Құрметті оқушылар, сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Өзін-өзі тану сабағында сіздер өз білімдеріңізді әрі қарай тереңдетіп, жалғастырасыздар. «Таным қуанышы» атты тараудың «Өмір жолын таңдау» деп аталатын бірінші сабағында табиғат заңына бағына отыра, яғни ақиқаттан алыстамай, өмір жолын таңдаудың қыры мен сырын түсінесіздер.
Мұғалім «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізеді.
|
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.
|
9-сынып
Өзін-өзі тану оқулығы, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.
https://www.youtube.com/watch?v=mMurFFNCP2Q
|