Сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет3/4
Дата26.11.2023
өлшемі63,3 Kb.
#128272
түріСабақ
1   2   3   4
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Дескриптор:
1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
2. Өзгенің пікірін толықтырады.
Жалпы- 3 балл.


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
мин
30мин

Жаңа тақырыпты меңгеру.

  1. Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме (дәптерге жазу)

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады. Қысқаша ЕҮОБ деп жазамыз.


Ең үлкен ортақ бөлгішті табудың екі тәсілі бар.
1-тәсіл.
Мысалы: 18 және 30 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішігін табыңдар.

  1. 18 санының бөлгіштерін табамыз: Б(18)={1;2;3;6;9;18}.

  2. 30 санының бөлгіштерін табамыз: Б(30)={1;2;3;6;10;15;30}.

  3. 18 бен 30 сандарының ортақ бөлгіштерін табамыз: Д (18, 36) = {1, 2, 3, 6}

  4. Ортақ бөлгіштердің ішінен ең үлкенін табамыз: 6 саны.

Демек, 18 және30 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші 6 саны.
Жазылуы: ЕҮОБ(18;30)=6


2-тәсіл.
Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін сол сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы табуға болады. Ол үшін:

  1. Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктеу керек;

  2. Жіктеулердегі барлық ортақ жай көбейткіштерді теріп жазу керек;

  3. Ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек.



Мысалы: Табу керек ЕҮОБ(36; 48).

  1. 36 и 48 сандарын жай көбейткіштерге жіктейміз:




  1. жіктеулердегі барлық ортақ жай көбейткіштерді теріп жазамыз:




3) Ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісін табамыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет