музыкалық шығарманың мазмұнын ашу жəне көңіл күйін көрсету.
Құндылықтарды дарыту
Қазақ мəдениетіндегі күйшілік өнердің орнын бағалау, мақтан тұту
Пəнаралық байланыстар
Тарих. Əдебиет
Бастапқы білім
Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтағы «Жалынды ақын, күйшілер» тақырыбы екі атақты тұлғаны қатар қарастырады. Күй өнерінде шоқтығы биік Құрманғазы мен жалынды ақын Махамбет шығармашылығы.
1-тапсырма.Музыка тыңдау жəне талдау.
(МК) Екі күйді аудио арқылы (бейне слайдтық суреттемелерсіз) тыңдату қажет. Орындау түрлерін (жеке, оркестр) мұғалім өзі таңдауға ерікті. Дегенмен жеке домбыра орындауында күйдің сипатын талдауға баланы үйрету керек.
Күйлердің орындау сипатын жан-жақты сезіну үшін оқулықта батырдың үш кезеңдік сəттерінен суреттер