Сабақ жоспары Ұзақмерзімді жоспар бөлімі



бет128/177
Дата12.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#67322
түріСабақ
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   177
Байланысты:
Музыка 3 сынып ҚМЖ

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тыңдалған шығарманы талдау жəне мінездеме беру;

  • музыкалық шығарманың мазмұнын ашу жəне көңіл күйін көрсету.

Құндылықтарды
дарыту

Қазақ мəдениетіндегі күйшілік өнердің орнын бағалау, мақтан тұту

Пəнаралық байланыстар

Тарих. Əдебиет

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу

Сабақ барысы

Сабақтың
жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтағы «Жалынды ақын, күйшілер» тақырыбы екі атақты тұлғаны қатар қарастырады. Күй өнерінде шоқтығы биік Құрманғазы мен жалынды ақын Махамбет шығармашылығы.
1-тапсырма. Музыка тыңдау жəне талдау.
(МК) Екі күйді аудио арқылы (бейне слайдтық суреттемелерсіз) тыңдату қажет. Орындау түрлерін (жеке, оркестр) мұғалім өзі таңдауға ерікті. Дегенмен жеке домбыра орындауында күйдің сипатын талдауға баланы үйрету керек.
Күйлердің орындау сипатын жан-жақты сезіну үшін оқулықта батырдың үш кезеңдік сəттерінен суреттер

«Музыка» оқулығы, нота
хрестоматиясы, фонохрестоматия Адай (Құрманғазының күйі) орындайтын Р. Ғабдиев үнтаспа, сайттық сілтеме http://audio.nur.kz/1 042705-kyrmanfazi-




берілген. Батырдың жақын туыстарымен қоштасуы, батырдың жауынгерлерімен ат үстінде келе жатқаны, екі батырдың жекпе-жегі.

adaj-kyji Жұмыр-Қылыш Қаршыға Ахмедияровтың
орындауында Үнтаспа мр3

Сабақтың ортасы

Қойылатын сұрақтар:

  • Құрманғазының «Адай» күйін тыңда. Тыңдаған күйіңді қалай сипаттар едің (лирикалық, батырлық, мұңды, көңілді, жігерлі)?

  • Махамбет ақынның «Жұмыр-Қылыш» күйін тыңда. Күй сенде қандай сезім тудырды?

  • Тыңдаған күйлерің бойынша қай суретті таңдайсың жəне қандай атау қояр едің?

  • Құрманғазы мен Махамбет күйлеріне арқау болған ортақ тақырыпты ата (шайқас алды, шайқас, жекпе-жек).

Берілген тапсырмада сұрақ түрлері де оқушыға өзіндік шешім қабылдауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет