Сабақ кестесі Оқушылар тізімі Сынып белсенділері Пән бойынша мұғалім тізімі


Мектеп директоры:______________ Анашев Қ.У



бет4/10
Дата24.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#86087
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мектеп директоры:______________ Анашев Қ.У
Сынып жетекшісі:___________ Буралхиева Г.Ж
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультеті «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4 курс ИЯ-47 топ студенті Сейтбек Дананың ағылшын тілі пәнінен педагогикалық сараманнан өту

Есебі
Мен, Сейтбек Дана Сейтбекқызы 23.01.2023-06.05.2023 жыл аралығында, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылындағы Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінде кәсіби педагогикалық сарамандық машықтан өттім. Мені 10 «б», сыныбына ағылшын пәнінен сабақ беруге сынып жетекші машықкері ретінде бекітті. Іс - тәжірибенің алғашқы аптасында маған бекітілген сыныппен, жалпы мектеппен, қысқа, ұзақ мерзімді сабақ жоспарларымен таныстырды. Сараманның алғашқы аптасында сыныптың барлық сабақтарына қатысып, оқушылардың деңгейін пайымдадым. Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, білмегенімді сұрап, өзіме тәжірибе жинақтадым. Тағаева Шолпан мектептегі іс – тәжірибе жетекшім болып бекітілді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудара отырып, ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым. Іс – тәжірибенің екінші аптасында мен сыныптарға сабақ беруді бастадым. Жетекшім маған сабағымды жақсы өткізуге бағыт – бағдар беріп, біраз нәрсені үйретіп, әрбір өткізген сабағыма күнделікті қатысып, қате кеткен жерлерді түзеп, сабағымды бағалап отырды. Сабақтарыма тыңғылықты дайындалып, ҚМЖ, слайдтар, көрнекіліктер жасадым. Тақырыптардың мазмұнын ашуда «Around the world», «Travelog», т.б түрлі әдіс-тәсілдер. «Can you guess?», «Who am I?», ойындарды қолдандым. Сабақ тақырыбын аныктау мақсатында «Brainstorming», ребустар. « Question race» әдісін мәтіндерді талдауда, ал «What’s in the bag?», «Board гасе» әдістерін оқушылардың сөздік қорын көбейтуге және есте сақтау қабілеттерін жақсартуға қолдандым. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғалтпау мақсатында тапсырмаларды қызықты етіп беру үшін Kahoot, Plickers, Wordwall қосымшаларын қолдандым. Себебі, бұл қосымшалар аз уақыт ішінде интерактивті тапсырмалар құруға көмектеседі және оқушылардың жауаптарының дұрыс немесе дұрыс емес екендігін сканерлеу арқылы көрсетіп береді. Кері байланыстың сабақтағы маңызы өте зор болғандықтан, кері байланыс бойынша «Received the answer», «Traffic light», «Smileys», «Thumb» әдістерін қолданып, оқушылардың түсінбегендерін түсіндірдім. 10 «Б» сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге, өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Ағылшын тілі пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым, осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет