Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»



бет16/160
Дата06.01.2022
өлшемі16,87 Mb.
#11429
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   160
ІІІ. Жаңа сабақ.

Суретте сұйықтың қапталдай ағуы көрсетілген.



А және В нүктелеріндегі ағынға параллель бағытталған қысым күштерінің құраушыларын бірін-бірі теңгермейді. Денеге ағын тарапынан әрекет ететін толық күш дене бетінің жеке элементтеріне әрекет ететін қысым күштерінің қосындысына тең болатындықтан, маңдайлық кедергі болмайды. Қарастырылған жағдайда денені жанай ағу суреттемесінің симметриялы болуынан маңдайлық кедергі ғана емес, көтергіш күш те нөлге тең болады.

Цилиндр айналып тұрғанда, ол өзіне іргелес жатқан ауа қабатын өзімен ілестіріп ктеді де, циркуляция тудырады. Ауаның ағынымен бірге ілгерілмелі қозғалысының және цилиндрмен бірге айнала қозғалу жылдамдықтары бағыттас болатын жерлерде ауаның қорытқы жылдамдығы цилиндрге келіп түсіп жатқан ауа жылдамдығынан артық болады. Ал ағын цилиндрдің айналуынан туатын ауа жылдамдығы түсіп жатқан ауа ағынының жылдамдығанан кем болады. Нәтижесінде түсіп жатқан ауа ағынының айналып тұрған цилиндрді айнала ағуының суреттемесі осы суреттегідей өрнектеледі. Цилиндрдің астында ауаның жылдамдығы цилиндрдің үстіндегі жылдамдыққа қарағанда аз, демек, қысым цилиндрдің астында оның үстіндегіге қарағанда көбірек. Осылай көтергіш күш пайда болады. Бұл құбылыс Магнус эффектісі деп аталады.




Қанаттың артық үшкір шетінде құйындар пайда болып, олар сағат тілі бағытына қарсы бағытта айналады. Бұл құйындар ұлғайып, қанаттан бөлінеді және оны ауа ағыны алып кетеді. Осы кезде ауаның қалған бөлігі қанаттың маңында қарыс бағытта айнала бастайды да, ол қанаттың айналсында сағат тілі бағытымен қозғалатын циркуляцияны тудырады. Циркуляциялық ағын түсіп жатқан ағынмен қосылып, қанат үстінде ауаның қозғалысын жылдамдатып, ал қанаттың астында ауа қозғалысын баяулатады, Осының нәтижесінде қанаттың үстінде ауа қысымы азаяды, қанат астында артады, ал бұл көтергіш күштің пайда болуын әкеледі.



ІV. Пысықтау.

  1. Маңдайлық кедергі қалай пайда болады?

  2. Қандай күшті көтергіш күш деп атайды?

  3. Магнус эффектісі деген не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет