ІІІ-гейм «Жорга». Жүргізушінің сұрағына бұрын жауап берген топ озады. 3 сұрақ қойылды.
ІV-гейм «Сен-маган, мен- саган». Үй тапсырмасы бойынша әр топқа 2 сұрақтан қойып, жауаптары тындалады.
V-гейм «Көшбасшыны қуу». Сұраққа барлық қатысушылар жауап береді. Көбірек дұрыс жауап берген топ жеңеді (4-7 сұраққа жауап берген оқушылар топқа қосымша ұпай әкеледі) 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші геймдерге әр біреуіне 1 минут уақыт берілді. Сұраққа тез жауап берсе уақыт үнемдейді, оны баска сұрақтарға пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа топ 1 ұпай немесе 1 фишкадан алады (барлық фишкалар бір түсті).
4 сабақ Жеке - топтық жұмыс формасы (45 мин)
Бұл сабақта картачкалар, суреттер бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды.
Дидактикалық материалдардан.
5 сабақ Реле сынық тест орындайды. (15мин)
Өздік жұмыс. Есептер жинағынан. (30 мин)
І-тарау. Әр түрлі ортадағы электр тогы І-нұсқа
1. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар: а) электрондар; ә) оң иондар;
б) теріс иондар; в) кемтіктер;
2. Газдардағы электр зарядтарын тасымалдаушылар: а) оң иондар; ә) электрондар;
б) теріс иондар; в) оң және теріс иондар;
г) электрондар мен оң және теріс зарядталған иондар.
3. Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі: а) Электролиттік диссоциация;
ә) электролиз;
б) рекомбинация;
в) газдың иондалуы;
г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
4. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу: а) гальванопластика;
ә) аккумуляторды зарядтау;
б) гальваностегия;
в) гальваникалык элементтер;
г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
5. Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда кемтіктік өткізгішке ие болады? а) егер 3 валентті элементке 4 валентгі элементтің коспасын енгізсе;
ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;
б) егер 4 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;
в) егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің коспасын енгізсе;
г) егер 4 валентті элементқе 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.