Сабақ Тақырыбы: Әртүрлі ортадағы электр тоғы Физика және химия пәндерінен кіріктірілген сабақ


ІІІ-гейм «Жорга». Жүргізушінің сұрағына бұрын жауап берген топ озады. 3 сұрақ қойылды. ІV-гейм



бет3/5
Дата16.12.2023
өлшемі1,05 Mb.
#139861
түріСабақ
1   2   3   4   5
ІІІ-гейм «Жорга».
Жүргізушінің сұрағына бұрын жауап берген топ озады. 3 сұрақ қойылды.
ІV-гейм «Сен-маган, мен- саган».
Үй тапсырмасы бойынша әр топқа 2 сұрақтан қойып, жауаптары тындалады.
V-гейм «Көшбасшыны қуу».
Сұраққа барлық қатысушылар жауап береді. Көбірек дұрыс жауап берген топ жеңеді (4-7 сұраққа жауап берген оқушылар топқа қосымша ұпай әкеледі) 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші геймдерге әр біреуіне 1 минут уақыт берілді. Сұраққа тез жауап берсе уақыт үнемдейді, оны баска сұрақтарға пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа топ 1 ұпай немесе 1 фишкадан алады (барлық фишкалар бір түсті).


4 сабақ
Жеке - топтық жұмыс формасы (45 мин)
Бұл сабақта картачкалар, суреттер бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды.
Дидактикалық материалдардан.
5 сабақ
Реле сынық тест орындайды. (15мин)
Өздік жұмыс. Есептер жинағынан. (30 мин)


І-тарау. Әр түрлі ортадағы электр тогы
І-нұсқа


1. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар:
а) электрондар; ә) оң иондар;
б) теріс иондар; в) кемтіктер;
2. Газдардағы электр зарядтарын тасымалдаушылар:
а) оң иондар; ә) электрондар;
б) теріс иондар; в) оң және теріс иондар;
г) электрондар мен оң және теріс зарядталған ион­дар.
3. Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі:
а) Электролиттік диссоциация;
ә) электролиз;
б) рекомбинация;
в) газдың иондалуы;
г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
4. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:
а) гальванопластика;
ә) аккумуляторды зарядтау;
б) гальваностегия;
в) гальваникалык элементтер;
г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
5. Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда кемтіктік өткізгішке ие болады?
а) егер 3 валентті элементке 4 валентгі элементтің коспасын енгізсе;
ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;
б) егер 4 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;
в) егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің коспасын енгізсе;
г) егер 4 валентті элементқе 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет